Назарбаев Жер кодексіндегі түзетулерге мораторий жариялады

Назарбаев Жер кодексіндегі түзетулерге мораторий жариялады
Фото: tengrinews.kz

Назарбаев Жер кодексіндегі түзетулерге мораторий жариялады,− деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Халыққа ауылшаруашылық жерінің сатылмайтынын түсіндіру керек еді. Егер қазақстандықтар қабылданған шешімге сенбесе, түсінбесе, онда ол дұрыс емес. Біз мұның барлығын халық үшін істейміз. Қоғамда бірқатар заңнамалық норма бойынша күмән туды",  деді Назарбаев жиын барысында.

"Сондықтан да мен мынадай шешім қабылдаймын: Жер кодексінің қоғамдық резонанс тудырған бірқатар нормалары, нақты айтқанда, былтырғы енгізілген төрт норманы күшіне енгізуге мораторий жариялаймын. Алдымен жағдайды егжей-тегжейлі қарап, халыққа түсіндіріп, Парламентпен бірге шешсеңдер, мораторийді түсіреміз. Болмаса, түсірмейміз",  деді Президент.

Еске салайық, Ақордада күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша жиын өтіп жатыр. Кеңеске Парламент палаталарының төрағалары, Премьер-Министр, Президент Әкімшілігінің басшысы, Үкімет мүшелері мен мемлекеттік органдардың басшылары қатысып жатыр.

С. Ерсін