Қазақстандық суретші Обаманың мүсінін жасады

Қазақстандық суретші Обаманың мүсінін жасады
Фото: youtube

Қазақстандық суретші Айдос Есмағамбетов АҚШ президенті Барак Обаманың мүсінін жасады.

Мүсінді жасауға Айдос бір жыл уақытын жұмсаған. Ол бұл іспен қолы бос кезде ғана айналысқан екен. Мүсіншінің айтуынша, "Обама" толықтай пластиктен жасалды, бірақ қолдары мен басына силикон пайдаланылды. Есмағамбетов шығармашылық жұмысын видеоға түсіріп, Интернетке жариялайды. АҚШ президентінің мүсінін жасау идеясын оған танысы айтқан екен. Айта кетейік, бұған дейін ол Қазақстан Президенті мен Абылай ханның мүсіндерін жасаған еді.



Дереккөз: 
tengrinews 

С. Ерсін