Доллар қымбаттай бастады

Доллар қымбаттай бастады
Фото: 365news.biz

KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 368,08 теңгеге тең болды. Айта кетейік, 10 ақпанда шетел валютасының құны 363,58 теңге болған еді.

12 ақпандағы таңғы сессия кезінде алғашқы келісім 360 теңгемен өтті. Ең төменгі баға да осы болды, ал жоғарысы 370,5 теңгеге дейін жетті. Сессияда сауда көлемі 227,2 миллион доллардан асты. Kurs.kz порталының мәліметінше, ақша айырбастау орындары долларды 363-370 теңге аралығында саудалап жатыр. 

Дереккөз: Tengrinews

С. Ерсін