2015 жылы теңге нақты көрсеткіш бойынша 30 пайызға әлсіреген

2015 жылы теңге нақты көрсеткіш бойынша 30 пайызға әлсіреген
Фото: tengrinews

2015 жылы теңге нақты көрсеткіш бойынша 30 пайызға әлсіреген. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі мәлім етті.

"2015 жылы теңге нақты көрсеткіш бойынша 29,9 пайызға әлсіреді (34 елдің валюталарына қатысты нақты тиімді айырбастау бағамы индексінің өзгеруі), ал 2014 жылдың басынан бастап 2015 жылғы желтоқсан аралығында әлсіреу 25,6 пайызды құрады. Теңгенің Ресей рубліне қатысты әлсіреуі 2015 жылы нақты көрсеткіш бойынша (нақты айырбастау бағамы) 29,3 пайызды құрады, ал 2014 жылдың басынан бастап нақты көрсеткіш бойынша 1,9 пайызға әлсіреді", − делінген банктің хабарламасында.

Сонымен қатар 2015 жылы теңгенің АҚШ долларына қатысты 36,5 пайызға, ал 2014 жылдың қаңтарынан 2015 жылдың желтоқсаны аралығында  42,6 пайызға әлсірегені айтылады. Өткен жылы еуроға қатысты 22,7 пайызға, ал 2014 жылдың басынан бері 26,7 пайызға әлсірегені белгілі болып отыр.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін