Теңге туралы сатиралық видеороликтер

Теңге туралы сатиралық видеороликтер
Фото: www.cnbc.com

Ғаламторда теңгенің жаңа бағамы туралы түрлі сатиралық видеороликтер көптеп пайда болуда. Ролик YouTube видеохостингіне "Теңге, өлме!" деген атаумен жүктелді. "Бағамды қарауды доғаратын уақыт келген сияқты", − делінген видеороликтің сипаттамасында.

Соңғы кездері ғаламторда теңге бағамына қатысты әндер мен видеороликтер жиі жарияланып жүр. "Наша газета" порталының мәліметінше, қостанайлық жігіт теңге бағамы мен шенеуніктерге арнап ән жазған.

Еске салайық, 12 қаңтарда доллар бағамы ақша айырбастау орындарында 370 теңгеге дейін көтерілді. Бұл 11 қаңтарда Brent мұнай маркасы 2004 жылдың сәуірінен бері психологиялық меже саналатын 32 долларға төмендеп, ал WTI маркалы мұнайы 5 пайыздан аса арзандағаннан кейін болды.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін