Ақша айырбастау орындары долларды 370 теңгеден сатып жатыр

Ақша айырбастау орындары долларды 370 теңгеден сатып жатыр
Фото: www.ntv.ru

Астана мен Риддердегі ақша айырбастау орындарында доллар 370 теңгеден сатылып жатыр.

Kurs.kz порталының мәліметіне сүйенсек, сағат 11.41-де Қазақстанның 4 жерінде доллар осындай бағамен сатылды. Ал Риддерде сағат 11.05-тегі жағдай бойынша ақша айырбастау орны долларды 370 теңгемен сатқан.

KASE таңғы сессиясы бүгін 362,62 теңгемен жабылды. Сессиядағы алғашқы келісім 359 теңгемен басталды. Саудадағы ең төменгі баға 358,5 теңге болды. Ең жоғарысы 367 теңгеге дейін жетті. Сессия кезінде сауда көлемі 82,9 миллион доллардан асты.

Дереккөз.: tengrinews

С. Ерсін