Сарапшылар осы аптада теңге бағамы қандай болатынын айтты

Сарапшылар осы аптада теңге бағамы қандай болатынын айтты
Фото: dixinews

Бұл аптада теңге бағамы айтарлықтай өзгермейді.

Экономист Евгений Кочетов теңге бағамының өткен аптадағы жағдайына қатысты пікірін айтты. Сарапшының мәлімдеуінше, доллар 307,4 − 308,4 теңге деңгейінде сақталды және жұма күні 307,4 теңге бағамымен жабылды. "Үкіметтің кеңейтілген отырысында Данияр Ақышев айтқандай, Ұлттық банк бағам құрылымына араласпайды, ал біз көрген бағам әлемдік экономикада болып жатқан жағдайларға сәйкес келеді", − деді Кочетов.

Алайда оның айтуынша, сауда көлемі мен баға белгілеу қозғалысын ескеретін болсақ, Ұлттық банк бағамнан толық қашықтаған жоқ. "Ол, әсіресе, өткен дүйсенбіде қатты байқалды. Ұлттық банк бағамға екінші деңгейлі банктерге теңге өтімдігін ұсыну түрінде ықпал етіп отыр. Дүйсенбіде TONIA индикаторы шамамен 60 пайыз деңгейінде болды, ал сейсенбіде төмендеді, мысалы, доллар бағамы 308,4 теңгеге дейін түсті. Сәрсенбіде ғана өз көлеміне қайта келді,  деді сарапшы.

Кочетовтің ойынша, қазіргі таңда Ұлттық банк белгіленіп отырған бағамды экономика үшін оңтайлы деп сенеді және күрт ауытқушылық болмас үшін жанама тәсілмен ұстап тұруға тырысады. "Бірақ бұл бағам қозғалысына таңба салады, яғни, еркін ауытқу принциптеріне қарсы келеді. Қаржыны реттеуші теңге құнын арттыру арқылы бірнеше күн бағамға ықпал етсе, бұл саясат жалғаса береді, әсіресе, жұмада мұнай баррелінің құны 45 доллардан төмен түскенін ескеретін болса осылай жалғасады",  деді экономист.

Спикердің айтуынша, өткен аптада рубль бағамы мұнайға қарағанда байыппен төмендеді және ол ресейлік нарықты елең еткізді. "Менің ойымша, бұл да біздің Ұлттық банкке теңге өтімділігі әрекетін белсенді етуге қосымша аргумент берді",  деді Кочетов. Оның ойынша, бұл аптада сол бағам сақталуы мүмкін.

Forex Club сарапшысы Анатолий Ахметов те бұл оймен келісіп, осы аптада доллар бағамы 306-308 теңге болады деп отыр.

Айта кетейік, бүгін таңертең сауда нарығында доллар бағамы 307,21 теңге болды. Ал сауда көлемі  185,35 миллион доллар. Еске сала кетейік, 5 қарашада Ұлттық банк резервтерді сақтау үшін ішкі валюта нарығына қатысуын қысқартатыны туралы мәлімдеме жасады. Теңгенің айырбастау бағамының бұдан былайғы серпіні негізінен әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы баға ахуалының серпінімен айқындалатын факторлардың әсерінен қалыптасатын болады.

Дереккөз: Tengrinews.kz

С. Ерсін