Алматы облысында сора өсірген нотариус сотталды

Алматы облысында сора өсірген нотариус сотталды
Фото: tn.kz

Алматы облысында сора өсірген нотариус сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Қапшағай қалалық соты үйінде сора өсірген жеке нотариус Сергейчукке қатысты қылмыстық істі қарады. Іс материалдарына сәйкес, ол алдын ала тергеу барысында анықталмаған тұлғамен бірлесіп, Қапшағай қаласында көпқабатты үйден пәтерді уақытша жалға алған. Ол өсiруге тыйым салынған, құрамында есiрткi заттары бар 83 түп сораны егіп, өсірген.

"Сот үкімімен Сергейчук ҚР ҚК 296-бабының 3-бөліміне және 300-бабының 2-бөлімінің 1, 3 тармақтарына сәйкес кінәлі деп танылды. Ол 5 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айырылып, жазасын түзеу колониясының жалпы режімінде өтейді", - делінген хабарламада. 

М. Бисембаева