Оқушылар мен студенттерді есірткі сынағынан өткізу керек пе?

Оқушылар мен студенттерді есірткі сынағынан өткізу керек пе?

"Ақ жол" партиясының Парламент Мәжілісіндегі фракциясының депутаты Талғат Ерғалиев Премьер-министрге жоғарғы сынып оқушыларын, студенттер мен әскерге шақырылушыларды есірткі сынағынан өткізу жөніндегі пилоттық жобаны енгізуді ұсынды.

Елімізде нашақорлардың саны 50 мыңға жуықтайды. Бұл статистиканы Талғат Ерғалиев Бас прокуратураның мәліметтерініне сүйене отырып келтірді.

Депутат нашақорлардың нақты санын анықтау мүмкін емес екенін айтады, себебі еліміздегі әрбір үшінші нашақор есепке тұрудан қашады. Бұл мәселені ҚР Бас прокуратурасы да растайды.

Ерғалиевтің мәліметінше, 2001 жылы Денсаулық сақтау министрлігі елімізде нашақорлардың шынайы саны 250 мың адамнан асатынын жариялаған болатын. Ал кейбір ғылыми ақпарат көздерінің мәліметі бойынша, олардың саны 500 мың адамнан асады.

Фракция өкілдерінің сауалында былай делінген: "Ақ жол" партиясының депутаттық фракциясы Кәрім Мәсімовтен нашақорлықты азайту, есірткі бизнесімен күресті күшейту және есірткі заттарының заңсыз айналымы саласындағы қылмыстар үшін жауапкершілікті қатайту жөнінде қосымша шаралар қабылдауды сұрайды. Біз әскерге шақырылушылардың медициналық тексерістен өтуі кезінде, студенттер мен жоғарғы сынып оқушыларының медициналық анықтама алуы кезінде олардың ағзаларында есірткі заты бар-жоғын анықтайтын пилоттық тесттер енгізуді ұсынамыз".

Толығырақ мына жерден оқып біле аласыз.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: otyrar.kz

А. Құлтай