«Ауыл» халықтық патриоттық партиясы құрылды

«Ауыл» халықтық патриоттық партиясы құрылды
Фото: kazinform.kz

Қазақстан Патриоттар партиясы мен «Ауыл» ҚСДП бірігіп, елімізде «Ауыл» халықтық патриоттық партиясы» жаңа қоғамдық бірлестігі пайда болды.

5 қыркүйек күні Астанада өткен қос саяси партияның кезектен тыс съездерінің қорытындысы бойынша осындай шешім қабылданды.

Бірігу туралы бастаманы «патриоттар» көтерген болатын, «ауылдықтар» идеяға қолдау білдірді.

«Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаев жария еткен мәлімдемеге сәйкес, екі партияның бірігуі олардың жұмысына серпін беріп, өз жақтастарының мәселелерін одан әрі тиімдірек шешуге, басқарудың барлық деңгейлерінде қарапайым қазақстандықтардың мүддесін қорғауға, азаматтардың мұң-мұқтаждарына байланысты тиімді әрекет етуге мүмкіндік береді.

«Ауыл» төрағасы Әли Бектаевтың  мәлімдемесіне атап өтілгендей, екі партияны біріктіру олардың жұмысына серпін беріп, өз жақтастарының проблемаларын барынша ойдағыдай шешуге, барлық басқару деңгейінде қарапайым қазақстандықтардың мүдделерін білдіруге, қарапайым азаматтардың арманын тиімді қорғауға мүмкіндік береді.

Съезд делегаттары «Ауыл» ХПП төрағасы етіп Әли Бектаевты, оның орынбасары етіп Патриоттар партиясының бұрынғы басшысының орынбасары Толымбек Ғабділәшімовті сайлады.

Съезд шешімімен Президиум мен Саяси кеңестің басшылық буынына белгілі, беделді тұлғалармен қатар, екі партиялық құрылымнан жаңа тұлғалар да кірді.

Съезде сондай-ақ «Ауыл» ХПП жаңа редакциядағы Жарғысы мен Бағдарламасы қабылданды.

Дереккөз:kazinform.kz

Н. Нұрмаханұлы