Қазақстанда бензинінің бағасы 140-150 теңгеге жетуі мүмкін

Қазақстанда бензинінің бағасы 140-150 теңгеге жетуі мүмкін
Фото: kievvlast.com.ua

Айта кетейік, ОКҚ-да өткен брифинг барысында премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның еркін ауытқу бағамына өтуіне байланысты үкіметтің АИ 92/93 маркалы бензинінің бағасын реттеуден бас тарту туралы шешім қабылдағанын айтты.

1 қыркүйекте Астана әкімінің бірінші орынбасары Андрей Лукинтеңгенің құнсыздануы Астанадағы жанармай бағасына әсер етпейтінін айтқан болатын.

"Жанар-жағармай материалдары барлық автокөлікке жанармай құю станциясында бекітілген мәннен асқан жоқ. Жанармайдың қымбаттауы туралы дерек тіркелген жоқ. Қазақстан энергетика министрінің "Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы" бұйрығына сәйкес, биыл 19 мамырда жанармайдың шекті бағасы белгіленді: АИ-80 - 89 теңге, АИ-92, 93 - 108 теңге және дизель отыны - 99 теңге. Осыған байланысты жанар-жағармай материалдары теңге бағамының ауытқуына тәуелсіз, тұрақты болып қалады", - деді Андрей Лукин ОКҚ брифингі кезінде.

Еске сала кетейік, 2015 жылдың 20 тамызында ҚР Үкіметі Ұлттық банкпен бірігіп, теңгенің еркін ауытқу бағамына өту туралы шешім шығарды. Мұнда инфляциялық таргеттеу режимінің негізіндегі жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға өту, валюта дәлізін алып тастап, еркін ауытқу дәлізіне өту туралы сөз болып отыр. Мұндай шешім әлемдік экономикадағы жағымсыз факторлардың күшеюінің негізінде қабылданған.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Н. Нұрмаханұлы