Қазақстандықтар Құрбан айтта 1 күн демалады

Қазақстандықтар Құрбан айтта 1 күн демалады
Фото: corning-cc.edu

Қазақстандықтар биыл Құрбан айтта бір күн демалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі egov.kz электронды үкіметіне сілтеме жасап.

Биыл мұсылмандардың Құрбан айт мерекесі 24 қыркүйекте басталады. Яғни отандастарымыз бейсенбі, 24 қыркүйек күні демалады.

Айта кетейік, Құрбан айт мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі. Ол Ораза айттан кейін 70 күннен соң басталып, 3 күнге созылады. Бұл күндер Ұлы Меккеге қажылықпен аяқталады. Айт күндері құдайға арнап құрбандық шалады, мал сояды (жылқыдан басқа). Бұл мұсылмандардың негізгі міндеттерінің бірі.

М. Бисембаева