Назарбаев Түркия президенті Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

Назарбаев Түркия президенті Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті
Фото: tn.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоғанмен екі ел арасындағы екіжақты өзара іс-қимылдың ахуалы мен перспективаларын, сондай-ақ бірқатар өңірлік және халықаралық мәселелерді талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Екі ел лидерлері әлемдік қоғамдастықтың халықаралық терроризмге қарсы күрестегі күш-жігерін қолдайтындарын айтты", - деп жазылған хабарламада.

Тараптар сондай-ақ Түркітілдес елдердің мемлекет басшыларының 11 қыркүйекте Астанада өтетін бесінші саммитінің маңыздылығын атап өтті.

Әңгімелесуге түрік тарапы бастамашы болды.

М. Бисембаева