Назарбаев Айдын Айымбетовке телефон арқылы сәттілік тіледі

Назарбаев Айдын Айымбетовке телефон арқылы сәттілік тіледі
Фото: tn.kz (көрнекі сурет)

Президент Нұрсұлтан Назарбаев ғарышкер Айдын Айымбетовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев әңгіме барысында Айымбетовтің алдағы ғарышқа сапары отандық ғарыш саласының одан әрі дамуына серпін беретін және Қазақстанның халықаралық аренадағы имиджін нығайтуға қызмет ететін айшықты оқиға екенін атап өтті.

Айымбетов сенім білдіргені үшін мемлекет басшысына алғыс айтты және ұшуға дайын екенін мәлімдеді.

Соңында Назарбаев ғарышкердің Халықаралық ғарыш стансасына экспедициясы табысты болуына және оның алдына қойылған барлық міндеттің орындалуына тілектестігін білдірді.

Ақпарат көзі: nur.kz

М. Оңғарова