Ғани Қасымов отставкаға кетті

Ғани Қасымов отставкаға кетті
Фото: kazpravda.kz

Қазақстандық саясаткер, Парламенттің бұрынғы сенаторы Ғани Қасымов 15 жыл басқарып келген Қазақстанның Патриоттар партиясының төрағасы қызметінен кетті. Бұл туралы ол 29 тамызда, сенбі күні Instagram желісінде жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Бүгін Патриоттар Партиясының съезінде... 15 жыл бойы болып келген Төрағаның қызметінен кеттім... қазіргі уақытта партияға 180 мың адам мүше... барлық съезде мен бірауыздан ашық түрде дауыс беру бойынша сайланып келдім", - деп жазды 65 жастағы саясаткер.

© Instagram.com/gani_kassymov

Партияның өкілдері Қасымовты шығарып салу кезінде шапан жауып, бөрік кигізді, сонымен қатар гүл сыйлады. "... Партиялас жолдастар мені осылай шығарып салды...", - деп жазды Қасымов сурет сала отырып.


© Instagram.com/gani_kassymov

"Курсивъ" газетінің мәліметінше, Ғани Қасымовтың орнына Толымбек Ғабділәшімов бір ауыздан сайланды. 

М. Бисембаева