Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Тұлғалар / Әнші Айқын былғары қолғап киді

Әнші Айқын былғары қолғап киді

Әнші Айқын былғары қолғап киді

"Чемпион" атты теледидарлық бағдарламада жұлдыздар миллиондаған жұрттың көз алдында жұдырықтасатын болады. Уақытша боксшы болуға "Орда" тобының мүшесі Дастан Оразбеков, әншілер: Айқын, Шамси, әуе гимнасты Даулет Тасболатов пен киноәртіс Берік Айтжанов ("Ликвидатор", "Ағайынды") ынта білдірген. Бір айта кететіні, жоба ұйымдастырушылары саясаткерлерімізге де былғары қолғап киюді ұсынған, алайда олар уақыт тапшылығын алға тартып, шараға қатысудан бас тартқан.


Бағдарламаны Владимир Рерих, Сабина Саяқова мен Нұрлан Еспанов жүргізеді, ал бақылаушы Арман Дүйсенов болмақ. Арманның көмекшісі ретінде жобаға шақырылған қонақтар болады. Олардың арасында белгілі саясаткер Ғани Қасымов та бар. Ал "жұлдызды" шайқастың төрешісі - 1980 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Виктор Демьяненко.

Әнші Айқынның пайымдауынша, бұрын спортпен айналысқан танымал тұлғалардың ашық алаңда да жұлдыздары жанады. "Мысалы менің бәсекелестерімнің бірі Бағлан Абдрайымов ("Жігіттер" тобының мүшесі) бұрын үш жыл бойы "тай" боксымен айналысқан. Менің ондай тәжірибем жоқ, 1-2 сынып оқығанымда таэквондоға қатысатын едім, бірақ одан бері қанша уақыт өтті?!"-деді әнші өз сөзінде. 

Жұлдыз-боксшылар салмақтарына қарай жеңіл және ауыр салмақ деп екіге бөлінеді. Әр бағдарлама төрт кездесуге созылып, бір шайқастың ұзақтығы 1,5 минуттік 3 раундтан тұрады. Әр салмақ дәрежесінің жеңімпазына автокөлік сыйға тартылады. Бұған қоса, чемпион атанғандарға алтын және күміспен безендірілген белбеу сыйға тартылады.

Суреттер: tengrinews.kz

Форумда талқылау

2507 22
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 23 ақпан 2012, 15:00
Пікірлер
+0
23 ақпан 2012, 16:56

жетпегені қолғап кию еді енді жұлдыздар өздерін неге осылай түсіреді екен? яғни, қолдарынан келмейтін нәрселерге барып ииии бір ((

+0
23 ақпан 2012, 16:59

жұртқа шоу керек

+0
23 ақпан 2012, 17:02

Өзін басқа қырынан көрсету гой!

+0
23 ақпан 2012, 17:05

не болғанда да, қызық болатын сияқты

+0
23 ақпан 2012, 17:07

о, жақсы идея екен) қай арнадан көрсетеді? көремін)

+0
23 ақпан 2012, 17:39

Хабар!!!

+0
24 ақпан 2012, 09:18

Өлендерін біреулер тартып алып жатса, әрине басқа салаға, соның ішінде боксқа барады!

+0
23 ақпан 2012, 17:16

Әбден таяқ жеген болар)))

+0
23 ақпан 2012, 17:56

Бұл да орысша өтетін шоу болайын деп тұр-ау!

+0
23 ақпан 2012, 17:58

қай тілде өтсе де, қызық болатын сияқты! Біреудің ыңырсып, жылағанын көргім кеп тұр! десең))

+0
23 ақпан 2012, 18:44

айқынды бағлан ағамыз жеңетін болар,себебі бағалан мұнарлан тобындағы жасұланды жеңді ғой

+0
23 ақпан 2012, 18:49

Бағлан үш жыл бокспен айналысқан, Айқынның жеңіске жету ықтималдылығы аз

+0
23 ақпан 2012, 20:00

жігіттер тыраштанбаңдар енді бокстан елге күлкі болайын дедіңдер ме?

+0
23 ақпан 2012, 20:08

мүмкін жақсы өнер көрсетер

+0
23 ақпан 2012, 22:30

ия Айқынға сәттілік тілейміз!

+0
24 ақпан 2012, 09:54

Сәттілік Айқын, мен Бағлан жақтамын десен я ))))))))))

+0
24 ақпан 2012, 15:00

Бағлан! Бағлан! десең

+0
19 наурыз 2012, 15:33

http://www.youtube.com/v/cJDVUw7oxE4?version=3&hl=ru_RU

+0
19 наурыз 2012, 16:24

Cаят, пікірлерге бейнеролик қосу үшін мына жерден оқып көріңіз. http://massaget.kz/forum/viewtopic.php?f=148&t=196

+0
19 наурыз 2012, 16:28

Соған қарап істеп отырмын! Бірақ істелінбейді

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...