Gangnam Style-дың орындаушысы Астанаға келеді

Gangnam Style-дың орындаушысы Астанаға келеді

Әлемге әйгілі Gangnam Style әнінің орындаушысы PSY 8 наурыз күні Астанаға келіп, ән шырқайды. Жұлдыз қазақстандық эстрада әншілері марапатталатын KZ MUSIC AWARDS-2013 салтанатының қонағы болмақ.

Роза Рымбаева жүргізетін кеш "Астана-Арена" стадионында өтеді. Ұйымдастырушылар 34 жастағы Пак Чэ Санға төленетін гонорардың мөлшерін айтқан жоқ.

Айта кетелік, PSY әлем халқына youtube сайтына Gangnam Style әніне түсірілген клипін салғаннан кейін танылған еді. 2012 жылдың желтоқсанында клипті миллиардқа жуық адам тамашалап, сайт тарихындағы рекорд орнатылды. Ал бұған дейін қыркүйек айында бейнебаян YouTube тарыихындағы ең көп лайк жинаған клип ретінде Гиннес рекордтар кітабына енген болатын.

PSY - Gangnam Style

Осы уақытқа дейін әнші атақты биін БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мунға, теннисші Мария Шараповаға және тағы да басқа әлемдік жұлдыздарға үйретіп үлгерді.

Әлем халқы клипке пародия түсіріп жатқанда қазақстандықтар да қалыс қалмады.

Жақын арада оңтүстіккореялық әншінің өз әнінен жалыққандығын мәлімдегендігін де айта кетелік.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Массагет бұл ән әлемге төніп тұрған үлкен қорқыныш пен қауіптің белгісі екендігін айтқан болатын.

Клип осы уақытқа дейін 1 208 677 951 рет көрілді.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахн

сурет: Массагет мұрағатынан