Оңтүстіккореялық клип YouTube-та "ұнады" батырмасы арқылы жаңа рекорд орнатты

Оңтүстіккореялық клип YouTube-та "ұнады" батырмасы арқылы жаңа рекорд орнатты

PSY-нің орындауындағы "Gangnam Style" әні аясында түсірілген клип YouTube-та "ұнады" батырмасы арқылы жаңа рекордқа бастама болып отыр. Аталған бейнебаянды әлемнің әр түкпірінен 2,2 миллионға жуық жан баласы "ұнады" деп шерткен екен.

Айта кететін болсақ, жаңа үлгіде түсірілген клип 2012 жылдың 15 маусымында хостингте пайда болған болатын. Қазірдің өзінде көпшіліктің көңілін өзіне қаратқан бейнебаян 1,6 миллион рет ұнап үлгерген "LMFAO Party Rock Anthem" клипін артта қалдырды. Ал Джастин Бибердің орындауындағы "Baby" әні 1,3 миллион ұнатушысымен тізімнің үздіктер қатарын қорытындылап тұр.

Рекордтың ауылында жүрген клип Гиннестер кітабына кіріп отыр. "Сіз бұрын-соңды мұндайды көргеніңіз бар ма? Бұдан бірнеше жыл бұрын YouTube-тағы бейнебаян миллионға жуық көрсеткішке ие болады деп ешкім ойламаса керек-ті. Ал "Gangnam Style" клипі осы көрсеткішті үш-ақ айдың ішінде екі есе өсіріп тіркетіп отыр"  - деп Гиннестің рекордтар кітабының менеджері Дэн Барретт ағынан жарылыпты. 

сурет:popdust.com

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига