- Негізгі бет
- Музыка
- MСKZ арнасы Қайрат...
MСKZ арнасы Қайрат Нұртастан кешірім сұрады
Vk.com әлеуметтік желісінде Tv Mc-Kz деген атпен тіркелген қолданушы Қайрат Нұртастан кешірім сұрайтыны туралы жазба қалдырған деп хабарлайды massaget.kz тілшісі.
«MCKZ» телеарнасы Қайрат Нұртастан және анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбековадан, әншінің шығармашылық ұжымынан және кешке келген қонақтардан ресми түрде кешірім сұрайды. Қайрат Нұртас өзін адамгершілігі мол өнер иесі ретінде танытты. Алла разы болсын Сізге және ұжымыңызға! Кешіріңіздер!» делінген қолданушы парақшасында.
Бұл парақшадан бөлек, аталмыш телеарнаның твиттердегі парақшасында да осыған ұқсас жазба таңғы 8:40 шамасында жазылған. Бір қызығы, жаңадан ашылған музыкалық арна басшылары әнші мен оның продюсері әрі анасынан ресми түрде емес, әлеуметтік желі парақшаларында ғана кешірім сұрап отыр.
«MCKZ» телеарнасы Қайрат Нұртастан және анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбековадан, әншінің шығармашылық ұжымынан және кешке келген қонақтардан ресми түрде кешірім сұрайды. Қайрат Нұртас өзін адамгершілігі мол өнер иесі ретінде танытты. Алла разы болсын Сізге!" деп жазылған твиттердегі арна парақшасында.
Ал біз Қайрат Нұртастың арт-директоры Лаура Бекболатқызына хабарласқанымызда «MCKZ» музыкалық телеарна басшылары мәселенің мән-жайын анықтап, қарыз боп қалған қаржыны жабуға, келесіде БАҚ-ты шақырып ресми түрде кешірім сұрауға бір жарым апта уақыт сұрағанын айтып берді. Бұл өтінішке Қайрат Нұртас пен оның продюсері Гүлзира Айдарбекова келісім беріп, бір жарым апта уақыт бойы ешбір БАҚ өкіліне әзірге пікір білдірмейтіндіктерін жеткізді.
Естеріңізге сала кетелік, бұған дейін MCKZ музыкалық арнасының ашылу кешінде Қайрат Нұртастың басының дауға қалғандығын айтқан болатынбыз. Жиылған көрермендер концерттің тиісті дәрежеде ұйымдастырылмауын алға тартып, Қайрат Нұртастан ақша талап еткен еді.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: әлеуметтік желі парақшаларынан скриншот
А. Құлтай