Қоңырау - ежелгі музыкалық аспап

Қоңырау - ежелгі музыкалық аспап

Қоңырау –  қазақ халқының ертеден келе жатқан музыкалық аспабы. Асатаяқ, сылдырмақ, дүңгіршек сияқты сылдырлы аспаптардың қатарына жатады.

Ертеде қоңырау аспабын ұлттық салт-дәстүр мен діни-ғұрыптық рәсімдерде жиі қолданған. Аспап бақсылар мен абыздар арасында кеңінен танылған. Олар қоңырауды қобыздаңғара,дауылпазкерней сияқты аспаптармен қатар пайдаланған. Сондай-ақ, қоңырау үй тұрмысы мен ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылған. Малшылар қоңырауды мал мойынына іліп қояды екен. Себебі, жыртқыш аңдар металл дыбысынан шошынған.

Қоңырау тот баспайтын мелхиор, жез, қола сияқты металдардан жасаған. Кейбір кезде сыртқы жағын алтын не күміспен қаптаған. Сырты шар тәрізді, іші қуыс, ортасында кішкентай ғана тілшесі болады. Қоңырауды арнайы жеңіл металл таяқшамен соғып ойнайды. Жасалу құрылысы мен пішініне қарай, қоңырау аспабын «жылан бас», «үшбұрышты қоңырау» деп атаған. Жылан бейнесін ағаштан жасап, оған бірнеше қоңырау іліп, тез таяқшамен қағып ойнайды.

Аспаптың кішкене үлгісін нарқобыз, қылқобыз, домбыра, асатаяқ т.с.с. аспаптардың бас жағына немесе шанақ ішіне тағып қоятын. Сондай-ақ, шаңқобыз аспабында ойнайтын орындаушылар саусақтарына қоңырау іліп алатын. 1934 жылы Құрманғазы атындағы академиялық ұлт-аспаптар оркестріне Бола Сарыбаев тәжірибе жасап, алғаш рет қолданды. Бұл күнде аспап этно-фольклорлық ансамбльдер мен ұлттық аспаптар оркестрінде халық әндері мен күйлерін сүйемелдеу үшін кеңінен қолданылады.

Суреттер "Қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары" кітабынан алынды

Ғ. Ұзақ