"Ер Төстік пен Айдаһар" прокаттан 31 миллион теңге жинады

"Ер Төстік пен Айдаһар" прокаттан 31 миллион теңге жинады

21-наурызда прокатқа шыққан "Қазақфильмнің" «Ер Төстік және Айдаһар 3D» анимациялық фильмі алғашқы демалыста 31,3 миллион теңге жинады. Бұл туралы киностудияның баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетелік, картина режисерлері - Жәкен Дәненов пен Рустам Тұралиев.

Режиссер Рустам Тұралиевтың айтуынша, мультфильмді үлкен экранда көрген әлдеқайда әсерлі болады. Осылайша, көрермен ертегінің атмосферасын жақсы сезіне алады.

"Ер Төстік пен Айдаһар" фильмінің трейлері 

Анимацияның сюжеті Ер Төстік эпосының мазмұнына негізделген. Басты рөлдегі персонажды танымал актер Дулыға Ақмолда дыбыстады. Ер Төстіктің саяхаты кезінде жол бойы көмектесіп, жәрдем еткен басқа персонаждарды Азамат Қанапияев, Бейбіт Муслимов, Ержан Түсіповтер дыбыстады. Жобаға, осылармен қатар, Эльдар Отарбаев, Мерей Әжібеков, Қадырбек Демесін, Лида Кәден қатысты.

Естеріңізге сала кетелік, Массагет бұған дейін "Ер Төстік және Айдаһар" анимациялық фильмінің 2013 жылдың 21 наурызында прокатқа шығатындығын хабарлаған болатын.

 

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: Массагет мұрағатынан

Massaget