Келесі аптада "Ер Төстік пен Айдаһар" прокатқа шығады

Келесі аптада "Ер Төстік пен Айдаһар" прокатқа шығады

2013 жылдың 21 наурызында прокатқа Қазақфильм киностудиясының базасында түсірілген "Ер Төстік және Айдаһар" анимациялық фильмі шығады.

Анимацияның сюжеті Ер Төстік эпосының мазмұнына негізделген. Картина режисерлерінің айтуынша, шығармашылық топ қазақ ертегісінің ішінен балалар аудиториясына лайық деп тапқан сюжеттерді ғана ұсынған. Сонымен қатар жанр заңдылықтарын бұзбау, толықметражды мультфильмнің ережелерін сақтау мақсат қылып қойылған.

Басты рөлдегі персонажды танымал актер Дулыға Ақмолда дыбыстады. Ер Төстіктің саяхаты кезінде жол бойы көмектесіп, жәрдем еткен басқа персонаждарды Азамат Қанапияев, Бейбіт Муслимов, Ержан Түсіпов дыбыстады. Жобаға, осылармен қатар, Эльдар Отарбаев, Мерей Әжібеков, Қадырбек Демесін, Лида Кәден қатысты.

ап

Шығармашылық топ бұл туынды үшін 3 жыл еңбек етіпті. 15 адам бірігіп айналысқан картинаға музыка жазған Руслан Қара атты композитор.

Мұндай 3D мультфильм түсіру кезінде объектілердің суретін қолмен салуға тура келеді, сонымен қатар, қозғалыстар motion capture әдісі арқылы бейнеленеді. Айта кетелік, әлемге танымал болған "Аватар", "Тинтинның бастан кешкендері" мультфильмдері осы принцип бойынша түсірілген.

Естеріңізге сала кетелік, Массагет бұған дейін үстіміздегі 2013 жылы "Мың бала" анимациялық фильмі мен "Асықтың тарихы" атты мултьфильмнің түсірілімі басталады деп жоспарланып отырғандығын айтқан болатын. Сонымен қатар, арнайы мамандар анимациялық кейіпкерлерді кітап етіп шығаруға, ойыншық үлгісінде жасауға көп күш жұмсайтындығы да айтылған еді.

Сөз соңында назарларыңызға "Ер Төстік және Айдаһар" мультфильмінен эпизодтар легін ұсынамыз:

е

ке

ке

ке

ке

ке

ке

ке

ке

ке

ек

ке

к

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: Массагет мұрағатынан, today.kz

Massaget