"Аңшы бала" фильмінің тұсауы кесілді

"Аңшы бала" фильмінің тұсауы кесілді

Жанры: Балаларға арналған экшн
Ұзақтығы: 85 минут
Шығарушы: Қазақфильм; Assau art films
Режиссер: Ерлан Нұрмұхамбетов, Бегарыс Елубай

Рөлдерде:

  • Санұржан Сүлейменов
  • Жәнел Аликова
  • Жүрсін Ерман
  • Әбдінасыр Серіков
  • Жанар Мақашева
  • Әлихан Ыдырысова

Cценарий авторы: Смағұл Елубай, Бегарыс Елубай, Ерлан Нұрмұхамбетов
Продюсер: Әсел Ержанова
Оператор: Азамат Дулатов
Композитор: Еділ Құсайынов
Премьерасы: 30 тамыз, 2012

Кеше кезекті қазақстандық фильмнің тұсау кесері өтті. Жаңа фильм барша кинотеатрлардың афишасында болмаса да, бір кеште бірнеше сеансы өтті. Халықтың көп жиналмауы да жарнаманың аз болуынан болды деп үміттенеміз.

Фильмнің балалар қауымына арналғаны айқын байқалады. Ауылдағы ата-әжесінің үйіне жазғы демалысқа келген Қамбар - нағыз қаланың жігіті. Ауылдағы қиындықтарға зорға шыдап жүрген балаға өзімен құрдас Самал көмекке келеді. Ауыл өмірінің қызықтарын көрсетіп, екеуі нағыз дос атанады. Самалдың сүйікті Ақ лағын ауылды үркітіп жүрген Көкшолақ атты қасқыр жеп кетеді. Көкжалдан кек алмақшы болған Қамбар Самалды ертіп алып, Көкшолақты аулауға шығады. Осылайша бір күнде Қамбар аңшы атанады...

Әрине фильм кемшіліксіз емес. Компьютерлік графикамен салынған қасқыр, жас актерлардың тәжірибесінің аздығы байқалып-ақ тұр. Алайда балаларға көмекке келген тәжірибелі актерлар ойыны, қазақ болмысына сай ауыл өмірінің көрінісі фильмді ерекшелейді. Ауылда өткен жастық шағын сағынған жандардың бұл фильмді сүйсініп көрері анық. Қазақ тілін дәріптейтін жас ата-аналар бұл жаңалықтан құр қалмайтын болар.

Еске салсақ, биылғы жылдың наурызында «Аңшы бала» фильмі Голливудтағы International Family Film Festival кинофестивалінде «Үздік шетел драмасы» номинациясында Бас жүлдені жеңіп алды.


Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: bnews.kz

С. А