Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / Ауру тудыратын сөздер

Ауру тудыратын сөздер

Ауру тудыратын сөздер

Носсрат Пезешкиан – позитивті психотерапияның негізін қалаушы. Сөз бен сөз тіркестерінің адамның дене мүшелеріне әсер етіп, тәнді ауруға душар ететінін ең алғаш байқаған. Анықтап, зерттей келе мұндай сөздер әр адамның сөздік қорында бар екені белгілі болды. 

Пезешкиан бұл құбылысты органикалық сөздік қор деп атады. Адамдар тұрақты тіркестерді, кеңінен таралған сөздерді қолдандым деп есептейді, ал шын мәнінде сол сөздермен тәніне ауыр деп бұйырған болып шығады. Пезешкиан тәсілі зерттеліп, нақты екені дәлелденді. Органикалық сөздік қор тек ауру туралы ақпарат беріп қоймай, сол дертті өзі тудыратыны анықталды. Басқаша айтсақ, бүлінгі-сөздер адамның сөздік қорында ауырған соң емес, ауырмай тұрып пайда болады екен. Яғни, бірдеңе бүлінді деп хабар бермейді. Осы сөзден бәрі бүліне бастайды. Алдымен адам бүлінгі-сөздерді қолдана бастайды, яғни белгілі бір ауруды қалыптастыру бағдарламасын құяды, сосын барып сол сөз шақырған ауру пайда болады. Бір қызығы: ауруды тудырып алып бүлінгі-сөздер сол ауруды ұзақ сақтау үшін адамның сөздік қорынан түспейтін болады. Органикалық сөздік қор – жеке дара психикалық бағдарлама, оның мақсаты пайда болған ауруды қолдау. 

Төменде ауруды қолдап отыратын сөздер мен сөз тіркестері берілді: 

– Тойып біттім, құсқым келеді, қарағым келмейді – жүйке анорексиясы;
– Жауапкершілікті жүк қылып. Тағдырыңа мойынсұну. Желкеңе мініп алған азап – остеохондроз; 
– Бірдеңе мазалайды, өмір өксітеді, өз өзіме жатпын, ештеңеге зауқым жоқ – рак;
– Тілің қышып, өзгенің жанын жаралауға дайын тұрса, өзгені қабылдай алмаса – жара (язва). 
– Бүйрек шаншыса, өлердей шаршау – урологиялық дерт; 
– Жаныңа сая табу, ашуға ерік беру, оттегіні жауып тастау, өзгеге түкіріп қол қою - бронхиалды астма мен гипервентиляциалы синдром; 
– Қанын ішу, шырынын сору, қанға сіңген әдет – қан аурулары; 
Жүрекке жақын қабылдау, жаның ауыру, жүрекке тигізіп айту - инфаркт миокарды; 
– Қыңқ етпеу, оның орнында болғым келмес еді, тез жылап қалатын, шамшыл – тері аурулары мен аллергия; 
– Бас қатыру, басыңмен жауап беру, басыңды ұру, бас ауру – бастың сақинасы ұстауы, ауа райына тәуелді болуы; 
– Тұрақсыз, жеңілтек, дым сезбейтін, көрсоқыр – созылмалы тырысу, подагра; 
– Бу шығару, төзімім таусылды, отқа май құю, өршіту – гипертония;
– Улы, маған ащы, ашуланшақ, өмірі балдай боп көрінбесін, ешбір қуаныш жоқ – бауыр мен өт қабы аурулары, семіздік; 
– Көрмегенім сен бол, қарауға қорқынышты, не үшін көрем, өмір жалған, түк көрінбейді – көз аурулары; 
– Естігім келмейді, айтпа, жап аузыңды, шуылдақтар, тасырлатпаңдар – есту қабілетінің кемуі, керең боп қалу; 
– Қалтырау, дірілдеу, ашулану, кедергі болу, шыдамым таусылды – күйзеліс;

Ескертпе! 

Бұл сөздерді кімге, неге қолдану маңызды емес. Маңыздысы олардың сөздік қорда бар болуы, олар аурудың бағдарламасын түзеді. Өз лексиконыңызда осы сөздер бар болса, онда бір жағдайлар оларды айтуға итермелегені ғой. Тезірек, мұндай сөздерден арылыңыз! 

Аударған: Шынар Әбілдә

1
Рейтинг: +0

Фото: vk.com
Қосылған күні: 16 наурыз, 10:24

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.