Керісінше ойлап көріңіз

Керісінше ойлап көріңіз
Фото: vk.com

Өмірде әр нәрсенің екі жағы бар. Жақсы не жаман деп қарау шарт емес. Бастысы – жақсысын көре білу. Кез келген дүниені керісінше ойлап көрдіңіз бе? Мәселен, жаныңыз тыныштықты қаласа, оңаша қалу керек. Ал, оңаша қалғанда ғана жаныңыз тынышталады. Осы секілді нәрселерді керісінше ойлап көріңіз де, өмірдің әр сәтінде бақыттың бал дәмін сезініңіз!

1. Көңіл күйі жақсы болса, адам күледі: 
Күлсе, көңіл күй көтеріледі. 

2. Әдемі болғандықтан сүйеді: 
Сүйсең әдемі көрінеді. 

3. Дос болғандықтан сенеді: 
Сенгендіктен достасады. 

4. Жеткілікті болғандықтан қанағаттанады: 
Қанағаттанса, жеткілікті көрінеді. 

5. Табысқа жеткендер мақтау естиді: 
Мақтаса, табысқа жетеді

6. Көп болғандықтан бөліседі: 
Бөліссең көбейеді. 

7. Жүзеге асуы мүмкін істі ғана қолға ал: 
Қолға алсаң ғана жүзеге асыру мүмкін болады. 

8. Жас адам қорықпай қадам жасайды: 
Қорықпай жаңа қадамға баратындар қартаймайды. 

9. Әлем өзгерді, ойыңды да өзгерт: 
Ойыңды өзгертсең, әлем де өзгереді. 

Ж. Жұмағұлов