Адам өмір бойы 20 килограмм шаң жұтады

 Адам өмір бойы 20 килограмм шаң жұтады
Фото: vokrugsveta.ru

Сіздің алдыңызда мың құбылған әлем тұр. Сіз сол әлемнің кішкене бір бөлшегісіз. Көбелек қанат қағып үлгергенше әлемде миллиондаған өзгерістер орын алады. Біздің білетініміз тоғыз болса, білмейтініміз тоқсан тоғыз екені айдан анық. Біз сіздерге сіз білмейтін қызықты деректерді ұсынамыз.

Автомобиль саны адам санынан 3 есе тез көбейіп келеді. 

Күлгенде 17, қабақ түюгенде 43 бұлшықет қимылдайды. 

Сіріңке көлеміндей келетін алтынды үлкен тенис алаңы көлеміндей етіп созуға болады. 

Таңертеңгісін алма жеу кофеге қарағанда ұйқыны тез ашады. 

Адам өмір бойы 20 килограмм шаң жұтады. 

Жердің тартылыс күші болмаған жерде, шамның оты шеңбер тәрізді болады. 

Қол тырнақтары аяқ тырнақтарынан 4 есе тез өседі. 

 60 жаста адамдардың дәм сезу қабілеті 50% азаяды. 

Ғарышта тартылыс күші болмағандықтан астроновтар жыласа да, жасы төменге түспейді. 

Ж. Жұмағұлов