Салқынқанды адамдар қызғана алмайды

Салқынқанды адамдар қызғана алмайды
Фото: realcolonel.ru

Қызғаныш – адам бойындағы ең бір жақсы және жаман сезім. Себебі адам қызғану арқылы махаббатын білдіріп жатса, шекарасынан асып кеткен қызғаныштың соңы жамандыққа алып келуі мүмкін. 

Әйелдің қызғанышы – ең көп таралған сезім. Әйелдер ерлерді жиі қызғанады. Бірақ ерлердің қызғанышы жиі болмағанымен әйелдерге қарағанда қатты. Яғни олар үшін қызғаныш ұзақ уақытқа созылатын үрдіс. 

Кейбір қызғаныш сезімдер психологиялық құлазудан пайда болады. Адамдардың 15-20 пайызы қызғаныштың шырқау шегіне жеткен кезде белгілі бір дертке шалдығатын болған. 

Көбінесе адамдар өздеріне сенімді болмаған жағдайда қызғанады. Мәселен, бойы аласа жігіт өзінен бойшаң жігітті қызғанады. 

Адамдардың 3-5 пайызы тіпті қызғанудың не екенін де білмейді. Бір сөзбен айтқан кезде олар үшін қызғаныш сезімі жоқ. Бірақ бұл қуанатын жағдай емес. Психологтар зерттей келіп мұндай адамдардың мінезі ауыр, өте суық, салқынқанды келетінін атап айтқан. Ал бұл сезім әсіресе ерлер арасында жиі кездеседі. 

Зерттеу нәтижесі бойынша жердегі ерлердің 7-10 пайызы қызғанудың шырқау шегіндегі жандар. Олар кез келген нәрседен қызғану үшін сылтау табады. Тіпті болмаған дүниені болды деп іштей қызғанып жүруі мүмкін. 

Әлемдік тәжірибеге сүйенсек адамдардың 20 пайызы қылмыстық әрекеттерді қызғану арқылы жасайды екен. Ал заң беттерінде қызғанышпен жасалған қылмысқа ауыр жаза қарастырылмаған. 

30 жасқа дейінгі адамдардың тең жартысы өз жартыларын жиі қызғанады. Ал бұл қызғаныш адамдардың ұзақ өмір сүруіне кері әсерін тигізеді.  

Қызғаншақ адамдарда қызғану арқылы алаңдаушылық, күйзеліс, қан қысымының көтерілуі, жүрек талмасының ұстауы сынды аурулар пайда болады. 

Әйелдердің бойында қызғаныш сезімі екіқабат кездерінде жиі орын алады. 

Қызғаныш ғашықтардың ажырасып кетуіне себеп ретінде екінші орында тұр. Ал бірінші орында материалдық жағдай. Қызғаныш тек адамдар бойында болатын қасиет емес, сонымен қатар жан-жануарларда да болады. 

Егер адам қасындағы адамды қызғанып тұрса, онда ол сол адамды жоғалтып алудан қорқады. Бұл ғашықтардың да, достардың да арасында орын алады. 

М. Ақан