Күн сайын қате орындалатын істер

Күн сайын қате орындалатын істер
Фото: 1wallpaper.net

Біз күнделікті атқарып жүрген істеріміздің дұрыс-бұрыстығына мән бермейміз. Бала кезден көріп өскен үлгімізден айнымай, бір түзуден шықпай жүре береміз. Алайда кей әрекеттерді дұрыс емес орындап жүрген болуымыз мүмкін.

Қайнаған жұмыртқа қабығын тез ашу үшін, қайнатар алдында суға бір шай қасық сода салыңыз.

Тоналді крем таңдағанда түсі теріге сәйкестігін бетке, қолға емес, мойынға жағып тексерген дұрыс.

Егер қаламмен жазған сөзіңізді кейін ешкімге көрінбейтіндей етіп өшіріп тастағыңыз келсе, үстінен сызып, боямай, сол сөздің үстіне басқа сөз жазып тастаңыз.

Жағажайға барғанда не душ қабылдағанда телефоныңыздың ішіне су кіріп, бұзылып қалуынан қауіптенсеңіз, қарапайым вакуум пакетіне салып қойыңыз.

Телефонды қуат көзіне қосқанда, ұшақ режиміне қойсақ, мейлінше тез қуатталады.

Пішіні бірдей кілттерді шатастырып алмас үшін, тырнаққа арналған лак секілді ашық түспен бояңыз.

Шашқа арналған көрінбейтін қыстырғыштың кедір-бұдыр жағын сыртына емес, ішіне қаратып тақсаңыз, шашты жақсы ұстайды.

Тамақты қысқа толқынды пеште ысытар болсаңыз, оны сақина пішініне келтіріңіз. Сонда барлық жері бірқалыпты ысиды.

@. @assel_assanova