Мұздатылған етті қалай тез ерітсе болады? (Лайфхак)

Мұздатылған етті қалай тез ерітсе болады? (Лайфхак)

Егер микротолқынды пешіңіз болса уайымдамасаңыз да болады. Бірақ оған мұздатылған етті салған соң еттің сырты түгелдей еріп кетпейді. Ал екінші жағын ерітем деп тағы салсаңыз әуелгі еріген тұсы қызып, пісіп кетуі де мүмкін. Енді не істейміз?

Міне, сізге лайфхак! Тот баспайтын металлдан жасалған екі тостаған керек болады. Оның бірін төмен қаратып, бетіне етті қоясыз. Үстіне екінші тостағанға ыстық су құйып жабасыз. Қалған жұмысты біркелкі жоғары температура беретін металл өзі жасайды. Егер жүйені түсінбесеңіз, мына бір қытайлық CTi телеарнасында көрсетілген роликке назар салыңыз:

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: www.smachno.ua

А. Құлтай