Lenovo компаниясы Motorola смартфонын шығармайтын болды

Lenovo компаниясы Motorola смартфонын шығармайтын болды
Фото: wayerless.com

Қытайлық Lenovo компаниясы Motorola, Vibe брендтерімен смартфон шығармайтын болды. Енді ұялы телефон тек қана Lenovo moto брендімен жарыққа шығады. Бұл туралы Шығыс Еуропа өңіріндегі ұялы телефон бөлімінің атқарушы директоры Алексей Клочков айтты.

2014 жылы Lenovo Google-дан Motorola Mobility-ді сатып алған еді. Қытайлық компания смартфон шығаруды корпорация құрамына кіретін Motorola концерніне тапсырған. Келіссөз құны 2,91 млрд АҚШ долларын құрады.

Lenovo әлемдік нарықта смартфон шығарудан төртінші орын алатындарын айтады. Бұл – Қытайды қоспағандағы көрсеткіш. Gartner сараптама агенттігінің мәліметінше, компания әлемдік нарықтағы үздік бестікке кірмейді. Lenovo 2016 жылдың төртінші кварталында нарыққа 431,5 миллион смартфон шығарды.

Енді Motorola, Vibe брендтерінің орнына Lenovo moto қолданылатын болды. Lenovo-ның ноутбук пен планшетке арналған Yoga, ThinkPad брендтері бар, ал смартфоны үшін нақты атауы жоқ еді.

Motorola-ның жанкүйерлері бұл смартфонды сатып ала ма, жоқ па, бұл – уақыттың еншісінде. Бағасы мен сапасы бір-біріне сәйкес келсе, жұрт жаңа атумен жарық көретін смартфонды да сынап көретіні сөзсіз.

М. Оңғарова