Оқи отырыңыз

Адам өз нысанасын өзі таңдады ма, жебесін де өзі жасасын. 

Автор: Үнді даналығы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Техно / Шолу / Таңдаулы 9 туит #2

Таңдаулы 9 туит #2

Таңдаулы 9 туит #2

Туиттер желісі өзімен бірге туит, ретуит, хэштег сияқты терминдерді алып келді. Бүгінде бұл сөздерді түсінбейтін туитші жоқ. Әсіресе, хэштег (#) әлдебір оқиға орын алғанда толық ақпарат алу үшін таптырмас көмек. Осындай мол мүмкіндік ұсынып отырған туиттерге секундына 13 аккаунт тіркеледі екен. Бұл мәліметке Қазақстан туитшілері де өз үлестерін қосып жатыр. Айтпақшы, жақында Қазақстан туитшілерінің рейтингін анықтайтын toptweets.kz жобасы пайда болды. Туиттерде аккаунтыңыз болса, осы жобаға кіріп, рейтингтен өзіңізді тауып көре аласыз. 
Алдыңғы аптада бастаған үрдісіміз бойынша, осы аптада жазылған мыңдаған туит ішіндегі ең қызықты, ең таңдаулы 9 туитті ұсынамыз. 
 11 сәуір жазды:

Маманың телефонындағы смс-терін оқып отырмын. Үйде үш қызбыз. Үшеуміз үш жерден: "Мама, маған анау керек, мынау керек" деп жаза беріппіз...

 11 сәуір жазды: 

Бүгін мен көліксіз, телефонсыз, ақшасызбын. Шымкенттің ойдым-ойдым жолдары көлікті сындырды. Телефон үйде қалды, ақша әйелімде кетіпті. Тек инет.

 12 сәуір жазды:

Жеңісім - тірі жүргенім. Мұңайғаным мен күлгенім. Тірлікті ессіз сүю де – Ерлік екенін білгенім.(с)

 14 сәуір жазды:

Жазған туиті басқа, тәртібі бір басқа жандармен әлеуметтік желіде дос болсақ та, реалда дос болудан сақтасын.

@urimtal 15 сәуір жазды:

Скайпкаст аяқталды. Қатысушылардың арасынан пәкістандық студенттің белсенділігі ерекше байқалды.

 16 сәуір жазды:

Қазақша контент пен қазақ сайтын іздеуде Яндекс алға шығыпты. Гуглге ренжіп отырмын.

 16 сәуір жазды:

Жоғалтып алған бір адамдарды туиттерден көріп, көзайым боп отырмын... Ой, дүния-ай десеңші!...)))

 17 сәуір жазды:

Алатауды көргенде, еріксіз аласарып қаласың)

 18 сәуір жазды:

Қызында iPhone, мамасында iPad, ал әкесінде iCайын кредит.

Таңдаулы 9 туиттің ішінен қайсысы ұнағанын пікір ретінде қалдырыңыз.

Дайындаған: @ushkin

1591 10
Рейтинг: +4

Қосылған күні: 18 сәуір 2013, 18:56
Пікірлер
+0
18 сәуір 2013, 19:18


@IsabekovBekzhan-тің "Қызында iPhone, мамасында iPad, ал әкесінде iCайын кредит" дегені керемет шығыпты))))

+0
18 сәуір 2013, 20:32

Соңғысы ащы шындық

+0
18 сәуір 2013, 20:44

Қызында iPhone, мамасында iPad, ал әкесінде iCайын кредит. :arrow: ;)

+0
19 сәуір 2013, 07:26

Расында да соңғысы керемет жазылыпты :)

+0
19 сәуір 2013, 11:13

күшті таңдапсын)

+0
19 сәуір 2013, 17:20

соңғысына базаржок :P

+0
19 сәуір 2013, 17:30

іСайын кредит )))

+0
19 сәуір 2013, 17:54

дұрысы твит жазбаған ба деп қалдым)

+0
19 сәуір 2013, 23:13

Мен тек ағылышын тілінде ғана жазамын твиитердегі твиттарым)

+0
04 мамыр 2013, 23:28

9 унады мен тек ағылшынша жазам твиттерді

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...