Қандай құлаққап таңдаған дұрыс?

Қандай құлаққап таңдаған дұрыс?
Фото: vilingstore.net

Құлаққап – әуенді құлақ арқылы тыңдауға қажеттілік жасайтын, айналаға кедергі келтірмей адамның өз ішінде ләззат алуына арналған құрылғы. Қазір базарға барсаңыз құлаққаптың мың түрін кездестіресіз. Сіздің құлағыңызға ыңғайлы болуы үшін құрастырушылар түрлі тәсіл ойлап тапты. Бірақ құлаққаптың да құлаққабы бар, ұмытпаңыз. Таңдау жасай білген жөн. 

Құлаққаптың жалғамалы түрін таңдайсыз ба, әлде алыстан басқаруға арналған түрін бе? Бұл сұраққа өмірлік тәжірибесімен бөліскісі келетін жандардың айтқанымен ұштастырып отырып, сізге жауап береміз. 

Құлаққаптың біз ұсынған төмендегі түрлерін алыңыз. Өкінбейсіз. Олар: Beats Studio Wireless, Philips Fidelio M2L/00, Samsung Level On Pro, Sony MDR-XB950BT және Sennheiser Momentum M2 OEBT. 

Sennheiser Momentum M2 OEBT 

Аталған құлаққапты немістің Sennheiser компаниясы ұсынады. Аталған құлаққаптың құны теңгеге шаққанда 97 000 теңгеден асып кетеді. Аталған ақшаның ішіне құлаққаптың өзі, жалғамалы сымдары, сыртқы қабы және сізге керек гаджет кіреді. 

Momentum M2 OEBT – bluetooth арқылы басқарылатын, жалғамалы сымдары арқылы да пайдалануға болатын құрылғы. Жалғамалы сымдарының ұзындығы – 2,5-3,5 мм. Бұл құлаққаптың қымбат екені анық, бірақ сол құнына татиды. Себебі құлақтың сыртына киілетін жері терімен және пластикалық затпен қапталған. Құлақ ішіне дауыстың таза әрі тұнық жеткізуіне қамтамасыз етеді. 

Дауыс ырғағының диапазоны 16 – 22 000 гц. аралығындағы көрсеткішкпен жұмыс жасайды. Яғни әнді сіз шынайы сезінетін боласыз. Айта кету керек, Monster Beats секілді бұл құлаққаптың «бас» режимі дамымаған. Бұл тек қалыпты музыкалық жанрдағы әуендерді тыңдауға арналған. 

Samsung Level On Pro Wireless 

Бұл құлаққап ешқандай жалғамалы сым көмегіне жүгінбейді. Бәрі алыстан басқаруға арналған құрылғылармен жұмыс жасайды. Құны жоғарыда айтып кеткен Momentum M2 OEBT-ге қарағанда арзан. 68 900 теңге. Аталған құлаққап 22 сағат бойына қайта қуат алғанша жұмыс жасайды. 236 грамм тартатын құлаққаптың да өз ерекшеліктері бар. Ол ерекшелік құлаққаптың Talk-In функциясы. Бұл функция микрофонды іске қосып қана қоймайды, даусыңызды сыртқа шығуға көмектеседі. Мәселен зат сатып алған тұрған кезіңізде сатушының сөзін есту үшін құлаққапты шешудің қажеті жоқ. Аталған функция арқылы қарым-қатынасқа түсе аласыз. 

Дегенмен Samsung Level On Pro Wireless құлаққабының өз кемшілігі де бар. Оның дауысты жеткізу мүмкіндігі аз. Ал аталған ақшаға бұл құлаққапты сатып алудың қажеті жоқ. 

Philips Fidelio M2L/00 

Бұл құлаққап сіздің армандағаныңыз. Philips Fidelio M2L/00 сізге барлық мүмкіндікті жасап береді. Әуеннің тұнық әрі таза жетуі, дыбыстардың тазалығы бәрі де бар. Құлақтың дыбыстан ауырып кету қауіпі де аз. Бірақ бағасы да сол дүниеге сай – 112 350 теңге. Метал бойына орналастырылған терінің ерекшелігі дыбысты сыртқа қашырмайды. Іште ұстап тұруға арналған. Ал жанрлық жағынан кез келген музыканы қажеттілікке қарай жеткізеді. 

М. Ақан