Eurocopter X3 – ең жылдам тікұшақ

Eurocopter X3 – ең жылдам тікұшақ
Фото: vilingstore.net

Eurocopter инновациялық компаниясының жетекшісі – Жана-Жака Ферьенің айтуынша, Х3 тікұшағы – алыс бағытқа арналған, гибридті құрылғы. Eurocopter компаниясы аталған тікұшақтың санын көбейту керек деп санайды. Себебі тікұшақтың ерекшелігі ол өте жылдам әрі аяқ астынан болатын жағдайларға пайдалануға болады. Мәселен, теңізге төгілген мұнайды тез арада тазалауға, іздеу жұмыстарына жедел жеткізуге, әскери іздестірулер мен тәжірибеге қолдануға ең ыңғайлы тікұшақ түрі осы болмақ.

Компания ұжымының сөзіне сенсек, Eurocopter Х3 тікұшағы басқа тікұшақтарға қарағанда 20-25 пайызға қымбат тұруы мүмкін. Бірақ жылдамдық күші 50 пайыздан асады және бұл көрсеткіш ақша мәселесін тірелмеу керектігін де баса айтып өтті. Себебі жылдам әрі сапалы жұмыс күші адамдардың өмірін сақтауға негізделген.

М. Ақан