Apple-ді Гитлерге теңеген Қытай миллиардері кім?

Apple-ді Гитлерге теңеген Қытай миллиардері кім?

Қытайдағы Leshi TV видео сайтының негізін салушы, миллиардер Цзя Юэтин Apple компаниясын диктатормен салыстырды. Купертинолық компанияның сыни кейпі LeTV деп аталатын жаңа смартфонның ресми таныстырылуы кезінде көрсетілді. Нақтырақ айтсақ, суретті Юэтин мырза өзінің Weibo әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жариялаған. Суретте өткен ғасырда өмір сүрген неміс диктаторы Гитлер бейнеленген. Ал оның қолына оралған қызыл таңғышта Apple логотибі көмкеріліпті.

Расында жарнамалық суреттер үнемі осындай әрекетте жасалынады. Айта кетсек, белгілі бір өнімді жарнамалау үшін оның бәсекелестерін төмен етіп көрсету керек. Apple мұндай жағдайға жиі тап болады. Тіпті жақында жарияланған Android акциясына көз жүгіртсек, Google қолданушылары iOS бағдарламасы мүмкіндіктерінің шектеулі екенін айтады. "Бірдей болмасақ та, бірге боламыз" деген лозунгпен оперативті жүйелердің аналогтары туралы сөз болады.

Тағы да айта кетейік, бәсекелестікті жою мақсатында жасалған сурет жаңа өнімді нарыққа шығару алдында дайындалған. LeTV X900 деген атауға ие флагманды смартфоны 5,5-дюймді дисплеймен қамданады. Одан бөлек, 4 ГБ жедел жадысы мен USB Type-C жаңа модулімен жабдықталады. 

Сурет: weibo.com

Ұқсас жазбалар: 

Google Glass көзілдірігі сәтсіздікке ұшырады

Стив Возняк жасанды сананың қауіпті екенін айтты

Ең қымбат iPhone 6 шағын аралдың бағасымен сатылуда (Видео)

Apple Watch екі есе қымбат болып шықты

Ж. Өрісбай