Google Glass көзілдірігі сәтсіздікке ұшырады

Google Glass көзілдірігі сәтсіздікке ұшырады

Google Glass өнімінің нарыққа шықпай тұрып, қолдануға дайын құрылғы ретінде сенімділік танытуы жобаны сәтсіздікке алып келді. Бұл туралы АҚШ-тың Остин қаласында өткен South by Southwest технологиялық конференциясында Google X зертханасының басшысы Астро Теллер хабарлады.

«Біз маңызды бағытты таңдаған едік, бірақ ол бұрыс болып шықты. Glass смарт-көзілдірігін жаппай сатуға шығармас бұрын, өнімді Google жанкүйерлері мен құрастырушыларына жекелей сату қателік болды. Осылай жобаның сапасына көп көңіл бөлмей қалдық», - дейді Астро Теллер.

Шындығында, болашақта әмбебап өнім бола алатын Google Glass өз прототибінен жаңарып шыға алмады. Google Glass көзілдірігінің жаппай көзге түсе бастауына Google-дің интернеттегі белсенділігі де өз септігін тигізді.

Осыдан екі жыл бұрын Google Glass көптеген функциярға ие интерфейсі бар персоналды компьютерге арналған жаңа гаджет ретінде жобаланған болатын. Дегенмен қымбат бағасы мен осал бағдарламалық қамту өнімнің нарыққа шығу уақытын кешеуілдетіп жіберді.

Ағымдағы жылдың басында Google Glass өнімінің екінші нұсқасы шығатыны туралы бейресми ақпарат тараған болатын. Шындығында «ақылды» құрылғы өзінің виртуалды прототибіне ұқсамайтын болса, нарықта беделі болмасы анық.

Сурет: uk.complex.com

"Google Glass" көзілдірігінің баламасы

Intel Google Glass аналогын шығарады

Күлкі болған Google Glass көзілдірігі

Шынайы өмірдің көзілдірігі

Ж. Өрісбай