Rolls-Royce компаниясы жаңа автокөлік шығарды

Rolls-Royce компаниясы жаңа автокөлік шығарды
Фото: xage.ru

Әлемдегі ең қымбат автокөліктердің алдыңғы қатарынан көрінетін Rolls-Royce компаниясы өздерінің жаңа үлгілерін көрсетті. "Vision 100" маркалы темір тұлпар үлкен су кемесіне ұқсайды. Мұны құрастырып шығарған мамандардың айтуы бойынша, 20-30 жылдан кейін дәл осындай заманауи машиналар әлемде кеңінен қолданысқа енгізілетін болады. 

Қазіргі таңда электро кар шығару сәнге айналған болса, аталған көліктің ішіндегі рөлден бастап барлығы жүргізушінің дауысымен ғана басқарылатындай етіп жасалынған. Тағы бір айта кетерлік жайт, көліктегі сақтандыру жады мықты жұмыс жасағандықтан, барған мейрамханаңызды, үйіңізді бір сөзбен айтқанда ескі мекен жайларды ұзақ уақытқа дейін жадында сақтап қала алады.

Екі адамға арналған темір тұлпардың ішінен сәнді диванды бірден аңғарасыз. Тежегіш, жылдамдықты арттыратын газ сынды дүниелер болмағандықтан емін-еркін отыруыға болады. Айналаны сәнді көрсететін әйнектер көздің жауын алатын әдеміліктерді көрсетеді.

B. ZHAQSYMBET