Авто әлеміндегі қызықты жаңалықтар

Авто әлеміндегі қызықты жаңалықтар

Ардақты оқырмандарды авто әлеміндегі қызықты жаңалықтармен таныстырамыз.

апр

Лондондағы атақты Джеймс Бондтық көлігі сатылымға қойылды. Әйгілі фильмдегі Бондтың рөлін актер Шон Коннеридің сомдағандығын айтып өтелік. Астон Мартин DB5 көлігінің иесі оны бұрынырақ 12 000 долларға сатып алған екен. Ал қазір бұл автомобиль қаншаға бағаланып отыр деп ойлайсыз? Джеймс Бондтың көлігі үшін сатушы 5 миллион доллар сұрап отыр.

л

Сингапурде наннан “Формула 1″ болиді құрастылды. "Автоның" құрылысына 20 адам қатысыпты. Идея авторы Royal Plaza On Scotts мейрамханасының бас даяшысы екен. Көлікті жасап шығу үшін 1000 бөлке нан пайдаланылды. Кейін көлік лакпен боялып, әдемі түрге енгізілген.

про

Лондондағы жәрмеңкеге ағаш дөңгелекті Хаммер автокөлігі қойылды. Дөңгелектердің авторы дизайнер Мэтью Харрисон. Оның айтуынша, осылай заманауи көлікке орта ғасырлық рең беруге тырысқан екен.

Авто әлеміндегі қызықты жаңалықтармен Массагет порталында танысып отыруды ұмытапаңыздар!

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

суреттер: 2dtutorials.ru, blog.auto.meta.ua, motormavens.com, blogber.ru