Өздігінен жүретін электробус жасалды (Видео)

Өздігінен жүретін электробус жасалды (Видео)
Фото: all3dp.com

АҚШ астанасы Вашингтонда таяу арада шағын қоғамдық көлік пайда болады. IBM компаниясы Local Motors компаниясымен бірлесе отырып, пилотсыз Olli электробусын жасап шықты. Автобусты IBM Watson суперкомпьютері басқарады, ал оны 3D-принтерде бөлшектерін басып шығара отырып құрастырмақ.

Бір автобусты басып шығаруға 10 сағат керек. Оны құрастыру кезінде 30 сенсормен жабдықтайды, оның ішінде радар, лидар мен камералар болады. Көліктің барлық ақпараты бірыңғай суперкомпьютер орталығына келіп түседі.

Шағын автобусты аялдамада күтуге болады, немесе арнайы ұялы қосымшасы арқылы шақырту мүмкіндігі қарастырылған. Көліктің жолақысы қолма-қол ақшамен төленбейді, тек діттеген жерге жеткеннен кейін есеп-шоттан алынады.

Автобусты алдымен Вашингтонда бірнеше ай сынақтан өтеді. Кейінірек Olli Майами мен Лас-Вегас көшелеріне қатынайды.

Дереккөз: inform.kz

Е. Жұмабайұлы