Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Техно / Авто / Ең, ең,ең... / Әлемдегі ең жылдам көлік

Әлемдегі ең жылдам көлік

Әлемдегі ең жылдам көлік

Әлемдегі ең жылдам көлікті көз алдыңызға елестетіп көріңізші. Сіз баяғы бәріміз білетін қып- қызыл Ferrari-ді елестеткен боларсыз. Иә, негізі Ferrari көліктері желмен жарысып жылдамдығын үлкен санға дейін жеткізе алатын бірден-бір  жүйрік темір тұлпар. Бірақ, біздің бүгінгі әңгімеміз бұл итальяндық компанияның өнімі жайлы емес.

Мен 1200 күшті Bugatti Veyron-ның максималды жылдамдығы жайлы ақпаратты естігенде қатты таңғалдым. Германиядағы  Вольфсбург маңындағы VW-нің сынақ трегінде жаңа Bugatti Veyron Super Sport  жылдамдық бойынша әлем рекордын орнатқан болатын – 431 ш/с. Бұл көліктің  Гиннес рекордтар кітабына енетініне күмән келтіріп тұрған адам жоқ шығар.

 Bugatti ресми түрде өзінің жаңа өнімін халық назарына ұсынған болатын. Оның аты   Veyron Super Sport. Оның көмірталшықты қаптаманың астында максималды айналым  моменті 1500 Нм тең болатын 1200 күшті қозғалтқыш орналасқан. Бұл  қозғалтқыштың арқасында көліктің максималды жылдамдығы 415 ш/с жетуі мүмкін  (шектегіш механизмі бар). Мұндай алып күштің пайда болу себебі неде? Бұл  сұрақтың жауабы тым қарапайым. Қозғалтқыш жетілдірілген төрт турболаддерлар мен интеркуллермен жабдықталып, көліктің подвескасын қайта жинастырылып толық приводты жетілдіру мақсатымен тұрақтандырғыш механизмі одан ары күшейтілген болатын. Қозғалтқыш сынаққа дайын.

 Жаңа көліктің ең басты ерекшелігі – нығыздалған карбон негізінде орындалған қатты әрі жеңіл  құрылым. Көліктің сыртқы келбетінде бірнеше жаңалық бар. Енді Bugatti-дің төбесінде көзге үйреншікті екі ауа  туннелдің орнына қозғалтқышты таза ауамен қамтамасыз ететін екі «қалташа» - NACA дюзалар орналасқан.  Көліктің маңдай алдында дөңгелек қақпаларына ұласып кететін спойлер орналасып, Bugatti-дің артқы жағында  қосарланған диффузор орын тапқан. Сатылған Super Sport-тың алғашқы бес данасының түсі қара-қызғылт сары  болатын. Қалған көліктердің түстері сіздің қалауыңыз бен қаражатыңызға байланысты.

 

Сынақ жүргізу үшін қолайлы жағдайлар таңдалған – ауа температурасы 25 градус нөлден жоғары ашық аспан баяу жел.Сынақ ретінде Вольфсбургтың маңында орналасқан VW-ның трегі алынған. Рөлде отырған пилот - Пьер Генри Рафаэль. Сынақтың шарты бойынша, көлік бір сағаттың ішінде бір мәрте оңтүстіктен солтүстікке, бір мәрте солтүстіктен оңтүстікке қарай жүріп өтуі қажет. Бірінші жарыстан кейін тексеру жұмыстарын  жүргізу мен қозғалтқыш орналасқан жердің есігін ашуға тыйым салынады. Көлік біріншісінде 427,933 ш/с жылдамдыққа ие болса, Bugatti спидометрі екінші жарыста 434,211  ш/с көрсеткен. Кейін, екі көрсеткіштің арифметикалық ортасы алынған болатын-431,072 ш/с. 


 Бүгінгі таңда Bugatti компаниясы Veyron нұсқасының 260 үлгісін шығарып Grand  Sport-тың 35 түрін сатқан. Жаңа  Bugatti Super Sport 2010 жылдың күзінен бастап  сатылымға шыққан. Көлік Калифорнияда өткен Pebble Beach    шоуда халық  назарына ұсынылды.

 Суреттер yesway.ru сайтынан алынған

4705 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 26 желтоқсан 2011, 09:35
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ктк арнасының назарына
Ктк арнасының назарына

Қазақ қай кезден жариялылықты хош көрмеген. Бұл нəрсе бүлікке əкеледі деп...

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.

"Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?"

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...