Қазақстан құрамасы қысқы Универсиадада екінші орынға көтерілді

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстан құрамасы қысқы Универсиадада екінші орынға көтерілді

Словакия жерінде өтіп жатқан ХХVII қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына үш күміс жүлде түсті. Шаңғы спортында қазақстандық қыздар мен ерлер күміс медаль жеңіп алса, биатлоншылар да екінші орынды қанағат тұтты.

БӨЛІСУ

3х5 шақырымдық эстафетада Анна Стоян, Виктория Ланчакова және Анастасия Слонова екінші нәтиже көрсетті. Олар ресейлік қарсыластарына жол беріп алды. Ерлер құрамасының да (Александр Малышев, Евгений Величко, Евгений Бондаренко, Марк Старостин) алдын ресейлік спортшылар орап кетті. Биатлоннан аралас эстефета да ресейлік спортшылардың бағы жанды. Күміс жүлде отандастарымызға (Галина Вишневская, Анна Кистанова, Максим Браун, Василий Подкорытов) бұйырды.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан құрамасы екі алтын, екі күміс жүлде жеңіп алған болатын. Бүгінгі үш күміс жүлденің қорытындысында, отандастарымыз жалпыкомандалық есепте екінші орынға көтерілді.

Жарыс келесі аптада Испанияның Гранада қаласында жалғасып, 14-ақпанда аяқталады.

Cурет: sports.kz

Қазақстан құрамасы қысқы Универсиадада көш бастады

Қысқы спорт түрлері арықтауға көмектеседі

2015 жылы қысқы спорт түрлерінен өтетін ірі додалар

ХОК бағалау комиссиясы Алматыға ақпан айында келеді