Илья Ильин философия ғылымдарының докторы атанды

Илья Ильин философия ғылымдарының докторы атанды
Фото: 24.kz

Илья Ильин енді Әлем және Олимпиада чемпионы ғана емес, философия ғылымдарының докторы.

«Спорт пен білім егіз» деп түсінетін ауыр атлет қазақ спортының қара шаңырағынан осындай атақ алып шықты. Сыр өңірінде дүниеге келген саңлақ жарыс біткеннің бәрінде топ жарып келеді. Енді ол спорттан бөлек білімге де құштарлық танытып жүр. Лондон Олимпиадасынан кейін Қазақ спорт және туризм академиясының доктарантурсына түскен чемпион 2 жылдық білімінің нәтижесін көрсетті. Диссертациясын абыроймен қорғап шыққан чемпионға комиссия мүшелерінің ықыласы ерекше болды. Ильяның ғылыми жетекшісі болған Болгариядағы «Васил Левски» атындағы академияның профессоры Станислав Хаустов спортшыдан болашақта мықты маман шығады дейді.

Илья Ильин, Олимпиада ойындарының 2 дүркін чемпионы: - Адам бүгінді ғана емес, болашақты да ойлауы тиіс. Сондықтан қай кезде болмасын білім керек. Доктор атандым екен деп, мұнымен тоқтап қалғым келмейді. Алдағы уақыттары басқа да жоғарғы оқу орнына тапсыру жоспарымда бар.

Дереккөз: 24.kz

Е. Жұмабайұлы