Илья Ильинді марапаттау рәсімінде ескі Әнұран шырқалды (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Илья Ильинді марапаттау рәсімінде ескі Әнұран шырқалды (видео)
Фото ©️ wfrk.kz

Ауыр атлетикадан Грозныйда өткен РФ президенті кубогы халықаралық турнирінде жеңімпаз атанған қазақстандық Илья Ильин мен Александр Зайчиковты ҚР-ның марапаттау рәсімінде ескі Әнұран шырқалды.

БӨЛІСУ

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімінде ұйымдастырушылар ҚР-ның ескі әнұранын қойып, қателесті. Александр Зайчиков пен Илья Ильин қателік кеткенін нұсқап, жарыс ұйымдастырушыларына ескертті. Артынша қателік жөнделіп, әнұран қайта қойылды. Сыр өңірінің саңлақтары әнұран қайта қойылғаннан кейін қосылып шырқай жөнелді.

Айта кетейік, мұндай жағдай алғаш рет орын алып отырған жоқ. Көптеген әлемдік додаларда әнұранымыз бірнеше рет шатастырылды. Мәселен, жақында ғана мәнерлеп сырғанаудан Хорватияда өткен турнирде бірінші орынға ие болған отандасымыз Денис Тенді марапаттау рәсімінде де ескі әнұран қойылған болатын.