«Реал» «Барселонаның» рекордын жаңартты (видео)

«Реал» «Барселонаның» рекордын жаңартты (видео)
Фото: ESPN

Мадридтік «Реал» 40 ойын қатарынан жеңілмей «Барселонаның» рекордын жаңартты. Каталондық клуб өткен маусымда 39 ойын қатарынан жеңілмеген еді.

Зиннедин Зидан шәкірттеріне рекорд жаңарту оңай болған жоқ. Әсіресе түнде өткен «Севильяға» қарсы ойында  «корольдік клуб» соңғы минуттарда барын салды. 83 минутқа дейін қарсыластарына 3:1 есебімен есе жіберіп тұрып, тең ойнады. Серхио Рамос есепті қысқартса, қосымша уақытта шабуылшы Карим Бензема командасын жеңілістен құтқарып қалды. Нәтижесінде ойын 3:3 есебімен аяқталып, «Реал» рекордтық нәтижесіне қол жеткізді.

Алдағы жексенбі күні «Реал» «Севильямен» кезекті рет кездеседі. Бұл жолы командалар Испания ла лигасының XVIII туры аясында 3 ұпайды сарапқа салатын болады.

Испания кубогы. 1/8 финал

«Севилья» - «Реал» 3:3 (бірінші ойын 0:3)

Голдар: 10' Данило (аг), 53' Йоветич (Эскудеро), 77' Иборра - 48' Асенсио (Касилья), 83' Рамос (пен.), 90+3' Бензема (Марсело)

О. Сансызбай