Суарес «Барселона» сапындағы 100-голын соқты (видео)

Суарес «Барселона» сапындағы 100-голын соқты (видео)
Фото: sport.news.am

«Барселона» футбол клубының уругвайлық легионері команда сапындағы 100-голын соқты. Шабуылшының нәтижелі голы Испания кубогының 1/8 финалындағы «Атлетикке» қарсы өткен қарымта ойында есепке алынды.

Луис Суарес «Барселона» сапындағы 100 голын 120 ойында соқты.  Сондай-ақ футболшының бұл голы «MSN» (Месси, Суарес, Неймар) үштігінің 300-ші голы болып тіркелді. Осыған дейін бұл үштік алаңға шыққан ойында Месси – 124, Неймар 76 гол соққан екен.

Айта кетейік, түнде өткен ойында «Барселона» бильбаолық «Атлетикті» 3:1 есебімен жеңіп, Испания кубогының ширек финалына шықты. Бірінші ойында қарсыластарына 2:1 есебімен ұтылған болатын.

Ө. Сансызбай