Месси әлеуметтік желіде әлем назарын аударған баланы іздеп жүр

Месси әлеуметтік желіде әлем назарын аударған баланы іздеп жүр
Фото: vk.com

Каталондық «Барселона» мен Аргентина ұлттық құрамасының шабуылшысы Лионель Месси әлеуметтік желіде әлем назарын аударған баланы іздеп жүр. Бұл туралы Италияның Calciomercato сайты хабарлап отыр.

Ирактық жас бала аргентиналық сұрмергеннің есімі жазылған «жейдені» полиэтиленді қаптан (пакет) жасап киген. Ғаламторға жүктелген сурет әлем назарын аударып, көп талқыланған-ды. Суретке танымал футболшының да назары ауып, баламен жолығып жейдесін сыйлауға ынта танытқан. Бірақ, әзірге суреттегі бала табылар емес. Кей ақпарат көздері таратқан ақпарат бойынша, суреттегі бала қырғызстандық болуы да мүмкін екен.

О. Сансызбай