Жапондар Олимпиада медальдарын компьютер қалдықтарынан жасамақ

Жапондар Олимпиада медальдарын компьютер қалдықтарынан жасамақ
Фото: olimpiada.r7w.ru

2020 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының медалін жапондар компьютер және смартфон қалдықтарынан жасауды жоспарлап отыр.

Жарысты ұйымдастырушылар қолға алған жобаны Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) қолдайды деген сенімде. Қаңтар айының соңына қарай «күншығыс елі» медальдардың дизайны мен көлемін, неден жасалғанын, қандай танымбелгілер қойылатынын ресми түрде таныстырады. Содан кейін ХОК қарауына жіберіліп, ресми рұқсатын күтетін болады.

Жапондар жарамсыз компьютер мен смартфонның ішкі бөлігіндегі қалдықтарын медаль жасауға тиімді санап отыр. Сондай-ақ, ХОК-тың Олимпиада медальдарына қойылатын талаптарына да сәйкес келеді деп топшылауда. Негізінен Олимпиада медальдарының диаметрі 60 мм-ден, қалыңдығы 3 мм-ден кем болмауы тиіс. Алтын медальдың құрамындағы алтын 6 граммнан, күміс медаль кем дегенде 925-сынамалы күмістен жасалуы тиіс.  

О. Сансызбай