Неміс жанкүйерлерінің төбелесі (видео)

Неміс жанкүйерлерінің төбелесі (видео)

Чемпиондар Лигасының финалы қарсаңында Лондон төрінде жанкүйерлер арасында қақтығыс орын алып отыр. Бұл туралы Daily Mail хабарлайды. 

Жанкүйерлер өз араларында бір дауды шеше алмай, нәтижесінде «Уэмбли» стадионы тұсында қақтығыс орын алған. Бір-біріне қолдарында бар заттарды лақтырып, арты қоқан-лоқыға ұласқан. 

Бүгін, 25 мамыр күні Лондон төрінде немістің қос мықтысы өзара күш сынаспақ. Атақты "Бавария" командасы романтик "Боруссиямен" «Уэмбли» стадионында кездесу өткізеді. Ойынның басталу уақыты - 00:45.


сурет:www.sports.ru 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига