Оқи отырыңыз

...театр деген нәрсе ермек емес, көңіл көтеру де емес, ол – үлгі, ол – тәрбие, өнер орны.

Автор: Ж.Аймауытов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Театр / «Ғасыр куәгері Айша анамызға мың алғыс!» мерейтойлық кеші өтеді

«Ғасыр куәгері Айша анамызға мың алғыс!» мерейтойлық кеші өтеді

«Ғасыр куәгері Айша анамызға мың алғыс!» мерейтойлық кеші өтеді

1 наурыз – Алғыс  айту  күні, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қазақстан Театрлары ассоциациясының  ұйымдастыруымен 5 наурызда М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында сағат 18.30-да Қазақстанның  халық  әртісі, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, 100 жастағы Айша Абдуллинаның өмірі мен шығармашылығына арналған «Ғасыр куәгері Айша анамызға мың алғыс!» атты мерейтойлық кеш өтеді.

Театр өнерінің дамуы мен болашағын өркендету, театр қайраткерлеріне қолдау таныту идеясы негізінде 2016 жылы құрылған Қазақстан театрлары ассоциациясы (ҚТА) жалпы театрларға ортақ анықталған негізгі бағыттарды жүзеге асыру мақсатын ұстанады. Қазақстан  театрлары  ассоциациясының  алғашқы  жобаларының  бірі – 1 наурыз – Алғыс айту күні және 8 наурыз – Халықаралық  әйелдер мейрамы қарсаңында  көрнекті  сахнагер, Қазақстанның халық  артісі, «Парасат» «Құрмет» орденінің иегері, 100 жастағы Айша Абдуллинаның өмірі мен шығармашылығына арналған мерейтойлық кеш ұйымдастыру болып отыр. 

А.Абдуллина өнер жолын 1933 жылы М.Әуезов атындағы қазақ драма театрында  бастаған. 1947 жылдан  бастап  алпыс бес жылға жуық өмірін Ж.Шанин атындағы Оңтүстік  Қазақстан драма  театрының сахнасында  өткізді. «Қыз Жібекте» Қыз Жібек, «Қозы Көрпеш – Баян сұлуда» Баян, «Қобыландыда» Құртқа, «Ер Тарғында» Ақжүніс, «Асауға-тұсауда» Катарина, «Отеллода» Дездемона, «Ромео-Джульеттада» леди Капулетти, «Екі мырзаға бір қызметші» қойылымында Беатриче, т.б. көркем рольдерімен көрермен көзайымына айналды. 200-ден аса сүбелі бейне жасаған актриса  14 рет Кеңес Одағы медалімен марапатталды, 1958 жылы Қазақ КСР халық артисі құрметті атағын алды.

А.Абдулина, театр өнерімен қатар  қоғамдық жұмыстарға да белсене атсалысты. Оңтүстік Қазақстан облыстық кеңесіне және екі мәрте  Шымкент қалалық кеңесіне депутаттыққа сайланып, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың екі мәрте «Алғыс хатымен» марапатталып, 1996  жылы  Президент стипендиясының иегері атанды.

Театр өнеріне өлшеусіз  еңбегі сіңген, ел мәдениеті үшін адал қызмет еткен 100 жастағы Айша анамыздың өнегелі өнері мен парасатты өмір жолы өскелең  ұрпаққа  үлгі-өнеге  екені ақиқат.

Ұлт мақтанышының ұлағатты өмірін насихаттау  «Ғасыр  куәгері  Айша анамызға  мың алғыс!»  атты  мерейтойлық  кешті ұйымдастыру  Қазақстан  Театрлары  ассоциациясының  Құрылтай съезінде  бекітілген  Жарғы  негізіндегі  басты міндеттердің  бір  тармағы  болып  табылады.

184 0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Фото: Бөлдір Бекжан
Қосылған күні: 27 ақпан, 16:41
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Мен не деймін, көзім не дейді?
Мен не деймін, көзім не дейді?

Әрине мен туралы емес)

Автор: Nazym Samet
Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек?
Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек?

Қазірдің өзіңде мамандықтардың түрлері өте көп.

30 күн артық ақпараттан ораза ұста.
30 күн артық ақпараттан ораза ұста.

Өмір маған əрдайым екінші мүмкіндікті ұсынады. "Ертең" деген.

Автор: Arayka Sakhova
Шынайы сезімнің құны қанша?
Шынайы сезімнің құны қанша?

Өзің идеал емессің, бірақ басқадан идеал адам ізейсің. Бұл дұрыс емес.


Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...