Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Қазақтың Мақпалы туылған күн

Қазақтың Мақпалы туылған күн

Қазақтың Мақпалы туылған күн

"Аналардың жалғап үзігін,

Соңдарынан ерген ізімін.

Қолаң шашты, қиғаш қас, қара көз,

Қазақтың ерке қызымын!", - деп шырқайды мақпал үнді қазақтың маңдай алды әнші қызы. Әрине, ол Мақпал Жүнісова!

1963 жылы, осыдан 50 жыл бұрын дәл осы күні кейін қазақтың бұлбұл көмей әншісіне айналатын ару туылды. Мақпал есімді сәби Қарағанды облысы, Егіндібұлақ ауданы, Теректі аулында Мұхамедиярдың отбасында дүниеге келді. 

Жастайынан өнерге әуес болған Мақпал апайымыз 1988 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің мәдени-ағарту факультетін бітірді. Жоғарғы оқу орнын бітірген әнші ұйымдастырушы-әдіскер мамандығын алып шықты. 

Ол 1996 жылдан бері әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің және 1997 жылдан бері I. Жансүгіров атындағы Қазақ педагогика институтының профессоры.

Мақпалдай үнімен тыңдарманын әнмен еліткен Мақпал Жүнісованың қазақ эстрадасында алар орны ерекше. Өзіндік стилімен дараланып жүрген ол осы уақытқа дейін көптеген тыңдарман жинап үлгерді. Ән таңдауда да, ән жаздырып оны нақышына келтіріп шырқауда да талғамы мен дарынының жоғары екендігін танытып келеді. Толық ғасырдың бел ортасына келген өнер иесі "Қазақтың ерке қызымын" деп өзін сүйіп тыңдайтын халқының алдында әлі талай өнер көрсетпек!

Ол 1981 жылдан бері  «Қазақконцерт» Қазақ мемлекеттік концерттік бірлестігінің солист-вокалисі. Осы уақытқа дейін тыңдарманының көңілінен шығып, 1944 жылы "Халық әртісі" атағын, 1998 жылы ҚР Еңбек сіңірген әртісі атағын алып үлгерді. 1990 жылы ҚР Мемлекеттік сыйлығын иеленіп, 2005 жылы «Азия дауысы» Халықаралық конкурсының, «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты атанды. 

Бүгінде Мақпал Жүнісова 11 жасар Мерей есімді кішкентайдың анасы

Массагет ұжымы қазақтың ерке қызына айналған дарынды өнер иесіне баянды бақыт пен сарқылмас шаттық тілей отырып, бүгінгі туылған күнімен құттықтайды.

Мақпалдың Мерейі қазақтың да мерейін үстемдете берсін!

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: kazmusic.kz, i-news.kz

10914 11
Рейтинг: +4

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 11 қаңтар 2013, 11:30
Пікірлер
+0
11 қаңтар 2013, 11:19

Қазақтың еркесінің ғұмыры ұзақ болсын!

+0
11 қаңтар 2013, 11:19

Туылған күніңізбен! Мен жақсы көретін аз өнер иелерінің арасында өзіңіз барсыз. Құрметім шексіз!

+0
11 қаңтар 2013, 11:22

Құттықтаймын, өмір жасы ұзақ болсын!

+0
11 қаңтар 2013, 11:26

Менің тамаша жеңешем ғой! Нағыз қазақтың қызы, қазақтың келіні деуге тұрарлық жан. Бақытты ұзақ ғұмыр тілеймін!

+0
11 қаңтар 2013, 12:35

Тұманбай Молдағалиевтың "Мақпалдың дауысы" дейтін тамаша өлеңі бар еді. есіме түсіп тұр. Қазақтың ерке қызы десе дегендей. Ғұмыр жасы ұзын болсын.

+0
11 қаңтар 2013, 12:50

Қазақ елінде осындай Мақпал Жүнісова деген әншіміз бар деп мақтанышпен айта аламын!!!!!!! Ен сүйікті әншім, әрі жан-жақты әнші!

+0
11 қаңтар 2013, 13:14

Бүгін менің де бастығымның туған күні. Бір қызығы, екеуі де Қарағандының тумасы, екеуі де бүгін 50ге келіп отыр екен. Менің бастығым Инженерлік Академияның академигі болса, ал Мақпал апа Өнердің академигі ғой. Құттықтаймын. Әрқашан жадырап жүре берсін.

+0
11 қаңтар 2013, 13:19

Мақпал Жүнісова сияқты жақсы адамдар керек! Ғұмыры ұзақ болсын! :)

+0
11 қаңтар 2013, 14:17

Туылған күніңізбен! Апамның сүйіктісі боп жүре беріңіз!

+0
11 қаңтар 2013, 18:42

Мақпал Жүнісова қазақтың примадоннасы ғой!Ғұмыр жасы ұзақ болсын!

+0
16 қаңтар 2013, 17:02

Кішкентаи Мерейдің бақытты болғанын көруді нәсіп етсін

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Су сүлеймені жайлы естіп пе едіңіз?
Су сүлеймені жайлы естіп пе едіңіз?

Сырдарияның жағасында тұратындар білетін бір аңыз бар.

Автор: Әсел Малік
Көз сүйсінген көркемдерге жағылған дақ...
Көз сүйсінген көркемдерге жағылған дақ...

Оқып шығыңыз,көңіліңізге тоқып шығыңыз!...

Бақытымды жалға беремін!
Бақытымды жалға беремін!

Өмірде өзіңді не өзгені бақытты ету үшін, не істемейсің?!

Өлім кейде мені іздей ме?
Өлім кейде мені іздей ме?

Төрт параллель темірдің арғы жағынан көкемнің бейнесі көрінеді.


Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...