Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Ән - ғұмыр

Ән - ғұмыр

Шәмші шындығы

 Ұлы адамдардың артынан қашанда сөз еріп жүреді. Бұл заңдылық та. Ел арасында Шәмші туралы әртүрлі алыпқашпа әңгімелер көп. Оның рас-өтірігі қаншалықты, аңызы мен ақиқаты қайсы, мұны електен өткізу алдағы уақыттың еншісінде. Дегенмен, біз осы төңіректегі кейбір әңгімелерге аз-кем назар аударған едік.

 

                                      Баспанасы болмаған...

Аңызы:

Шәмші –өмірінің соңына дейін серілікпен ғұмыр кешіп, бір жерде тұрақтамаған. Әр жерде көшіп қонып жүрген оның тұрақты баспанасы да болмаған. Сол кездегі үкімет оған үй де бөліп бермеген.

Ақиқаты:

Ұлы сазгердің әндеріне талай сөз жазған қазақтың үлкен ақыны, кезінде Шәмшінің көзін көрген Қадір Мырзалиев «Шәмші» журналына берген сұхбатында «Әуел баста оның пәтері болмады. Мен Нұрғисамен көрші тұрдым. Ол Шәмшіні қатты жақсы көретін. Бірде Нұрғиса Шәкеңді Қонаевқа алып кірді де. Бірақ, сол жолы қаладын пәтер алғанымен, қалада тұрақтап қалды деп айта алмаймын.»

 

                                      Ішімдікке үйір болған...

Аңызы:

Әдетте, Мұқағали, Шәмші сияқты таланттар туралы әңгіме айтыла қалса, ең алдымен мұндай өнер иелерінің ішімдікке үйір болғандығы үнемі сөз болып жүреді. Былайғы жұрт «Шәмші де шайқаған ғой. Әндерінің бәрін ішкенде шығарған» дегенді көп айтады.

Ақиқаты:

Бұл жөнінде Шәкеңнің көзін көріп, бірге жүрген азаматтар мүлде басқаша пікір айтады. Бұған қатысты белгілі жазушы Еркінбай Әкімқұлов былай дейді: «Біз студент кезден бері жақсы араластық. Алматының шетіндегі Ударная көшесінде бірге пәтер жалдап тұрдық. Әрине, ішімдік ішу сол кездегі адамдардың, әсіресе жастардың көбіне тән болатын. Шәмшінің де кейде шарап ішіп шалқып кететіні болатын. Бірақ ел айтып жүргендей – ол ішкенде ғана ән шығарған деген сөз өтірік. Өмірінің соңғы жылдары ол мүлдеп татып алмайтын болған. »

 

                              Сығандарға қосылып қаңғып жүрген...

Аңызы...

«Сыған серенадасы» әні – Шәмші қайтыс болғаннан кейін кең тарала бастаған ғажап әндерінің бірі. Бірақ, осыған байланысты жұрт: «Шәмші өз ортасынан баз кешіп біраз жыл сығандардың тобырымен бірге өмір сүріпті. Осы әнді сол кезде жазған.» – дегенді айтады.

Ақиқаты:

Бұған байланысты сөзімізді композитордың өз аузымен айтқызсақ. Бірде Шәмші ақын Қадір Мырзалиевке арнайы келіп: «Өзің білесің, мен үйде байыз тауып отыра алмаймын. Ел кезіп, жер аралап кетемін.Біресе Жамбылдан, Біресе Шымкенттен, Біресе Фрунзеден табыламын. Ат басын тіреп баратын адамдарым бар. Олар кім деп сұрамай-ақ қой... Жалпы, маған сығандар өмірі ұнайды. Жастау кезімде Пушкинге ұқсап, солардың тобырына еріп, «Сыған серенадасы» деген ән шығардым. Сені іздеп келуімнің басты себебі осы, Көпке созбай, тезірек іске кіріс.» дейді.

                                   

                                          Әндерін сатқан...

Аңызы:

Кебіреулер «Шәмшінің біраз әндері жоғалып кеткен. Оның үстіне ол қысылғанда талай әндерін өзге сазгерсымақтарға сатуға мәжбүр болған. Ол көп әндерді тапсырыс пен ғана жазған » деген қаңқу сөзді көп айтады.

Ақиқаты:

Ел мен жерді көп аралаған Шәмші қазақтың барлық жерлеріне дерлік арнап ән жазған. Әрине, кейбір өңірлер мен қалаларға барғанда сол жердегі басшылар мен ел ағалары «Шәке, біздің жерді де бір әніңе қоссаңшы!» деп өтінетін болған, және ол үшін жақсы қаламақы да төлеген. Бұл шығармашылық еңбекті сату болып есептелмесе керек, бұл – шығармашылық еңбектің бағалануы.

 

                                 Дүнген қызына ғашық болған...

Аңызы:

Шәмші – серілікпен еркін өмір сүрген. Қыз-келіншектерге үйір болған. Тамдыдағы өзбек қызына, Тараздағы дүнген қызына ғашық болған. Ол өзі ұнатқан арулардың барлығына арнап ән шығарған.

Ақиқаты:

Сұлулыққа қызығу, әдемі де әсерлі дүниеге құмарту, айналағы биік талғаммен қарау – кез-келген талант иесіне тән қасиеттер. Сұлуларға ән арнап, махаббат туралы шығарма жазды екен деп, Шәмшіні жазғыра алмайсың. Композитордың өмірінде кездескен аруларды, оның сүйген, жүрген қыз-келіншектері болған деп кесіп айтуға болмас. Олар ең алдымен Шәмшінің қайталанбас әндерінің кейіпкері, музыкасының музасы.

 

                                         Тірі кезінде бағаланбады...

Аңызы:

Қазақ даласын сазды әндерімен әлдилеген Шәмшіні таланты тірі кезінде бағаланбады. Теледидар мен радиолар оның әндерін көп бермеді. Мемлекеттік деңгейдег өтетін түрлі концерттік шараларда құрметті қонақ ретінде қабылданбады. Бірде-бір атағы жоқ.

Ақиқаты:

Қазақтың белгілі қайраткер азаматы Өмірзақ Айтбаевтің мынадай бір сөзі бар: Шәмші тірі кезінде бағаланбады деуге болмайды. Өйткені оның әндері өзі тірі кезінде-ақ күллі қазаққа тарады. Оны ел үйіп тыңдады, ел бағалады.  50 жылдығы, 60 жылдығы атап өтілді. Шәмшінің әндері экрандар мен эфирлерден түскен жоқ. Әлі күнге дейін солай. Тек «Қазақстанның Халық әртісі» деген ресми атақ, ол қайтыс боларынан бір жыл бұрын ғана берілді.

Сурет: thenews.kz

Автор: Алмат Исәділ

6446 6
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 01 ақпан 2012, 18:18
Пікірлер
+0
01 ақпан 2012, 18:54

Салмағы ауыр материалыңыз үшін рақмет, Алмат аға!

+0
01 ақпан 2012, 22:43

Шәмші ағаның төңірегіндегі біраз алып-қашпа сөздерге нүкте қойылғандай. Өте пайдалы мақала. Рахмет сізге!

+0
02 ақпан 2012, 08:53

Қапез атамыз жырлағандай: "Тірісінде кім жетер, ей, адамзаттың бағасына-ай?!". Алмат аға, сізге көп рахмет!

+0
02 ақпан 2012, 09:29

Шәмшінің әндері керемет! Өзім біразын жатқа білемін. Жалғыз қалған сәттерде үнемі сол әндердің барлығын әндетіп айтамын. Шәмші әндерінің өзіне тартып тұратын, адам бойына рухани қуат беретін бір тылсым күші бардай сезледі маған.

+0
13 ақпан 2012, 11:45

Қазақтың маңдайына сыймады ғой. Біз, қазақ, аяқтан шалғаннан басқаны білмейміз ғой тірісінде, өлген кезде ғана аһілеп, өкініштен бармағымызды шайнаймыз.... "Порядочным людям в жизни порядочно достается" деген сөз рас екен ғой......

+0
11 қаңтар 2015, 18:34

Тамдыда қайдан қаңғырып жүрген өзбек?! Өтірікті де шамалап айту керек қой!!! Анығын білмесең жайңа қарап жүру деген жақсы нәрсе ғой. Өзің сияқты мәңгүрттерді одан әрі мәңгүрттендірмей!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...